Live

Шетелдік көліктер үшін бензин бағасы әзірге өзгермейді

Энергетика министрлігі шетелдік нөмірлі автокөліктер үшін жанармай бағасын көтеру немесе бензин сатуға қосымша шектеу енгізу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.

Бензин қымбаттайды

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы күндері шекаралас аймақтарда ресейлік нөмірлі көліктер көбейгенімен, бұл Қазақстандағы ішкі жанармай нарығына кері әсерін тигізбеген.

Қазіргі талапқа сәйкес, жанармай құю бекеттерінде бензин тек көліктің штаттық багына ғана құйылады. Қосымша ыдыстарға жанармай сатуға тыйым салынған және бұл талаптың сақталуы тұрақты бақылауда.

Министрлік қолданыстағы шаралар ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға жеткілікті екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 16 мың литрден астам жанар-жағармайды заңсыз шетелге шығарудың жолы кесілген. Ірі заңбұзушылықтар Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз