Әлеумет

Шевронның шапағаты

<h2 style=«font-weight:500;color:#555555;font-family:HelveticaNeue-Light, » font-size:1.

Шевронның шапағаты
8em;background-color:#ffffff;"="">

«Шеврон» компаниясы Алматы қаласыБалалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жалпы сомасы71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жасанды өкпевентиляциясы аппаратын Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресу мақсатында тапсырды.Осыаса қажетті жабдықты тапсыруда «Өмір сыйлайық» жобасын жүзеге асырып жатқан«Шевронның» көпжылдық серіктесі «АЯЛА» қайырымдылық қоры айтарлық үлес қосты.

«Шеврон» компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегіүйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, осы жабдық балалар жұқпалы ауруларауруханасының дәрігерлеріне тезірек және тиімдірек көмек көрсетуге мүмкіндікбереді, өйткені жансақтау бөлімінде бір минутты да жоғалтуға болмайды. «Бүгінгі таңда ірі бизнес пен Қазақстанның үкіметі жаңа коронавирустыңтаралуын тоқтату және ауырғандарға жазылуға көмектесуге бар күшін салуда.Орнатылған ИВЛ аппараттарымен қоса дәрігерлер оны пайдалануды үйреніп, кепілдітехникалық қолдауға ие болады. Біз жаңа ИВЛ аппараттары тек пандемия кезіндеғана емес, дағдылы жағдайда да балалардың өмірін сақтауға көмектеседі депсенеміз. «Шеврон» компаниясының атынан мен барлық қазақстандықтарға зорденсаулық және осы күрделі кезеңнен аман-есен өтуге күш-қуат тілеймін», – дедіЖанар Қошпанова.

Humming Vue ИВЛ аппараттары соңғы буынғажатады және қысымды 13 микрон деңгейінде бақылауға көмектеседі, бұл балалардыбаро-жарақаттау қаупін азайтып, респираторлық терапияның клиникалық тиімділігінарттырады. Оларды стерильдеу өте оңай және кейін қайта мөлшерлеуді талапетпейді, бұл оны келесі пайдалануға дайындау уақытын айтарлықтай қысқартады.Бұл аппараттар режимдерді ауыстырып қосу кезінде әртүрлі тыныс беру контурларынажыратпай немесе ауыстырмай пациенттердің өкпесін желдетуге мүмкіндік береді,барлығын бір контурда іске асырып, ауыр гипоксия қаупінің артуына жол бермейді.

2019 жылы БҚКЖАА шамамен 100 мың жаспациентті қабылдады, оның төрттен бір бөлігі ауруханаға жатып шықты. Осыаурухананың жансақтау бөліміне былтыр шамамен 500 бала жатқызылды, олардыңбестен бір бөлігі ИВЛ аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімі пациенттерініңшамамен 60%-ы пневмония және 3-дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі диагноздарыментүскен.

«Мен дәрігер білімін алғанмын,сондықтан латын тілінен дәйексөз келтіргім келеді: «Bis dat qui cito dat –Жылдам берген екі рет береді». Осы сөз «Шеврон» компаниясының балалардыңжұқпалы аурулар ауруханасына және жаңа коронавирус инфекциясы салдарынан қатаңкарантинде отырған Қазақстанның ең ірі мегаполисінің тұрғындарына аса құнды.Біздің қорымыздың қазақстандық балалардың денсаулығын жақсартуға жәнемедициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған медициналық жобамыздыұзақ уақыт бойы қолдап келген компания басшылығына алғысымды айтқым келеді.«Шеврон» аса қажет болған кезде жылдам көмекке келетін компания екені маңызды.Алматылық ата-ананың көпшілігі үшін балалардың өміріне аса маңызды жабдықтамаша жаңалық болып, болашаққа сенім ұялататынына сенемін», – деді «АЯЛА»қорының президенті Айдан Сүлейменова.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры көп жылдан беріБҚКЖАА-мен «Өмір сйылайық» республикалық жобасы аясында белсенді түрде әрекететеді. Жабдықтың және аппаратураның, соның ішінде қор 2007 жылы жансақтаубөліміне берген ИВЛ аппараттарының көмегімен ауруханадағы балалар өлімі 4-есеазайды. Жалпы осы жобаны іске асырған 13 жылдың ішінде «АЯЛА» қоры Қазақстанның30 ауруханасы мен перзентханасына жалпы 389 380 567 теңге сомасында жабдықтапсырды. Осының арқасында Қазақстандағы он мыңдаған баланың өмірі құтқарылды.

Редакцияүшін

«АЯЛА»қайырымдылық қоры 2007жылғы мамырда құрылды. Қордың миссиясы – Қазақстанда қайырымдылық дәстүрінежәне мәдениетіне тәрбиелеу. Өзінің 12 жылдық қызмет мерзімінде қор елдің 66елді мекендеріндегі 242 балалардың мемлекеттік медициналық және білім берумекемесін қамтыды. Қор жұмысының негізгі бағыттары – балалардың денсаулығынсақтау, білім беру және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек саласындаәлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыру. «АЯЛА» қорының барлықжобаларының мақсаты – балалардың өмірін жақсартатын қоғамдағы жақсы өзгерістер.Қор назар аударуды талап ететін проблемалы аймақтарды анықтайды және бұғанкөмектесе алатын демеушілерді тартады. Қор тұрақты, ашық және жария түрде жұмысістейді. Қорға түскен барлық қаражаттар әлеуметтік және қайырымдылық жобалармен бағдарламаларды іске асыруға ғана пайдаланылады.

Байланысатынтұлға: НатальяЕськова, коммуникация жөніндегі вице-президент, г. Алматы, Әл-Фараби даңғылы,77/7, +7 727 356 17 56 (ішкі 5069), ұялы тел.: + 7 701 211 0672, natalya, web: http://www.ayala.kz

«Шеврон»корпорациясы әлемніңбіріктірілген жетекші энергетикалық компанияларының бірі. Компания мұнай менгазды геологиялық барлауды, өндіру мен тасымалдауды; көлік отынын жәнежанар-жағар май материалдарын қайта өңдеуді, маркетингін және өткізуді; мұнай химиясыныңөнімдері мен қоспаларын өндіру мен сатуды; сондай-ақ компания қызметінің барлықсалаларында тиімділікті көтеру технологияларын әзірлеу мен енгізуді жүзегеасырады.

«Шеврон» Қазақстандағы жетекшіжекеменшік мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің екі ірі – Теңізбен Қарашығанақ кен орындары акцияларының иесі. Корпорация сонымен қатар Каспийқұбыр желісі консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атырауқаласындағы полиэтилен құбырлары зауытын тиімді басқарады.

Байланысатынтұлға: АйнұрСыдыкова, Алматы қ., Қазақстан: + 7 7012358677

FacebookTwitterE-mailWhatsAppTelegramMail.ru

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз