Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:29, 20 Мамыр 2024

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Исахов 8,5 жылға сотталды

в
Фото: из открытых источников

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мақсұт Исаховқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Оған ҰҚК басшысының бірінші орынбасарына пара бермек болды деген айып тағылып отыр.

Сот бұрынғы әкімді сегіз жыл, бес ай, жеті тәулікке бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ «Құрмет» орденінен және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы өтініш берілді.

Айта кетейік, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстаған болатын. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Қалалық әкімдікте көлік және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ цифрландыру саласы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелеріне жетекшілік етті.

Фото: time.kz

Тегтер: