16:05, 30 Қазан 2024
Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсі ашылады
Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейстерінің саны көбейеді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Қазір екі ел арасында аптасына 14 жолаушы және 6 жүк рейсі бар. Рейстер Астана мен Алматыдан орындалады. Енді Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Корея тарапы елімізде автожол құрылысы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Естеріңізге сала кетсек, қазір Оңтүстік Кореяның Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары "Алматы-Астана" тас жолының құрылыс сапасын қадағалауда.