ШҚО-да атпен келе жатқан үш жігіт суға батқан баланы құтқарды
Шығыс Қазақстанда Ертіс өзеніне батып бара жатқан баланы үш азамат құтқарып қалды.
Оқиға Озерки ауылы маңында болған. Дзюдо жаттықтырушысы Тимур және оның достары Санат пен Мейрамбек өзен жағасымен атпен келе жатып, баланың көмек сұраған дауысын естіген.
Алдымен олар балаға атпен жетуге тырысқан. Алайда өзеннің тереңдігіне байланысты бұл мүмкін болмаған. Сол кезде жігіттердің бірі суға түсіп, жүзіп барып баланы жағаға алып шықты. Баланың айтуынша, оны Ертістің ағысы алып кеткен.
Жігіттер құтқару сәтінің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.