Қоғам

ШҚО-да ер адам бірге тұрған әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында 23 тамызда 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның денесі табылды.

қылмыс

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел денесіне түскен жарақаттардан көз жұмған. Құқық қорғау органдары жарақатты оның бірге тұратын адамы салғанын анықтаған.

Оқиға кезінде ер адам мас болған. Кейін ол өзіне қол жұмсаған. Аталған жағдай бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Қазір полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз