Шілдеден бастап Қазақстанда ипотека алу шарттары қатаңдай түседі
Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім еткен жаңа өзгерістерге сәйкес, елде ипотекалық несиелер бойынша екі түрлі шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі енгізілмек.
Енді 1 шілдеден бастап:
🔺Егер бастапқы жарна 30%-дан жоғары болса, ипотеканың шекті мөлшерлемесі 20%-дан аспайды;
🔺Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, онда мөлшерлеме 25%-дан жоғары болмауы тиіс.
Бұл шешім Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп қабылдаған. Қазір тиісті құжаттарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр, ал қаулы жобасы мамыр айында жарияланбақ.
Жаңа талаптар ипотека шарттарын реттеуге бағытталғанымен, сарапшылар оның несие алуды біршама қиындатуы мүмкін екенін айтады.