Шөкеев Өзбекстанға барған сапарының нәтижесін баяндады
Бүгін үкімет отырысында Түркістан облысы Мақтааралауданындағы су тасқынына қатысты мәселе қаралды.
Отырыста Түркістан облысыныңәкімі Өмірзақ Шөкеев апат аймағындағы жағдай туралы баяндама жасады.
— Алдын ала жинақталғанмәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар,мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептепжатырмыз. Нақты шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады,-өңірбасшысы.
Шөкеевтің айтуынша, бүгінгі таңда, 14 елді мекеннен 31 606 тұрғынэвакуацияланды. Оның ішінде: 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басты. Олар: Жеңіс,Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебас және Достық ауылдары. 7 елді мекенде су басу қаупі әлі де жоғары. Алаудан орталығы Мырзакент пен Ақжол ауылдарынан қауіп сейіліп, тұрғындары өзүй-жайларына қайта оралуда.
Төтенше жағдай салдарынаналдын ала есептеулер бойынша жалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 балабақшаны, 4медицина нысандары мен 1 мәдениет үйін, 10 дүкенді су басты, Жеңіс ауылындағыкөпірді және республикалық, облыстық,аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автожолдарды су шайды.
Шөкеев Өзбекстанға жасаған сапарының нәтижесін де жария етті. Осысапар барасындағы өзбектермен апаттың салдарымен бірлесіп күресу жөніндекелісімге қол жеткізілген. Өзбек ағайындар қазірдің өзінде шекараға жақынорналасқан Жетісай ауданы Қоғалы ауылын су басып қалмау үшін алдын алушараларын жүргізіп жатыр.
– Осы апат барысындаӨзбекстанда 10 елді мекен су астында қалды. 70 мың халық көшірілді. Өзбекстанменосындай күрделі жағдайдан бірлесіп шығу жөнінде келісім жасалды. Жағдайтұрақтанған соң олар техникасымен Қазақстанға кіріп, коллекторларды тазалау жұмыстарынакөмектеседі. Біз олардың шекарадан өтуіне мүмкіндік жасасақ болды,-деді ӨмірзақШөкеев.
Ертең үкіметтік комиссия Өзбекстанға барады.Мамандардың айтуынша, соңғы тәуліктерде Мақтаралдағы тасқын судың деңгейіорташа есепен 3-4 сантиметрге төмендеген.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы.