Өңір

Шөкеев тасқыннан зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетілетінін айтты

Мақтааралдағы ағын суды ауыздықтауға байланысты ӨмірзақШөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді.

Шөкеев тасқыннан зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетілетінін айтты

Өңір басшысыхалыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атапөтті. Ол халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиістісала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда ол:

Біріншіден: ең алдымен эвакуациялықпункттерге орналасқан халыққа әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу үшінолардың мал саны, жылжымайтын мүлік, жеке бас құжаттарының мәліметтерінжинақтауды тапсырды.

Екіншіден, апаттан зардапшеккен тұрғындарды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз етуге кәсіпкерлермен қоғамдық қорларды тартуды ұсынды. 

  Үшіншіден,тұрғын үйлерге келтірілген залалдың мөлшерін есептеуді жүктеді.

Төртіншіден,кәсіпкерлік нысандарға келген залал мөлшерін анықтауды міндеттеді.

Бесіншіден, зақым келген автомобиль жолдарымен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріне келтірілген зиянныңмөлшерін есептеуді қолға алу қажеттігіне тоқталды.

Алтыншыдан, ауыл шаруашылығыалқаптары мен үй жануарларына келтірілген зиянның мөлшерін есептек керек. 

«Жетіншітапсырма ретінде қауіп төніп тұрған елдімекендерді тасқын судан қорғаумақсатында бөгет жасау жұмыстарын жүргізу қажет», — деді Өмірзақ Шөкеев.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз