Саясат

Шпекбаев Мәнізоров ісінде позициясынан қайтпайды

Жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің басшысы Алик ШПЕКБАЕВ Бағдат МӘНІЗОРОВҚА қатыстымәлімдеме жасады.

Шпекбаев Мәнізоров ісінде позициясынан қайтпайды

Бұл жөнінде BaigeNews.kz. басылымы хабарлады.

Алик Шпекбаевтың сөзінше, Бағдат Мәнізоровтың босатылуынабайланысты Бас прокуратура жауап беруі тиіс. Сол себепті ол әзірге аталмыш іскеқатысты нақты пікір білдіре алмайды.

«Біз өз көзқарасымызды білдірдік, мен қазір ештеңе депайта алмаймын. Бас прокуратураның жауабын алуымыз керек. Оның өзіндік уақытымен процедуралары бар. Ол жерде белгілі сатылардан өту қажет. Біз өзпозициямызды білдірдік. Сол позицияда қаламыз», — деді Шпекбаев.

Бұған дейін жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі Алматыоблысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровты «аса ірі көлемде қаржы жымқырып, алаяқтықпенайналысты» деп айыптаған. Бірақ кейіннен Бас прокуратура Мәнізоровты кінәсіздеп, босатқан. Мәнізоровтың өзі бұны «тапсырыспен жасалған іс» деп есептейді.

Фото: elorda.info

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз