Саясат

ШҚО-да әскери қызметкер өзіне оқ атты

ШҚО-да 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды.Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

ШҚО-да әскери қызметкер өзіне оқ атты

«29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Нәтижесінде ол қайтыс болды», — деді баспасөз қызметі.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", — деді баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 34 77 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз