Әлеумет

ШҚО тұрғындары мемлекетке 1,8 млрд қарыз

Қазіргі күнде банктен миллиондап кредит алып, соңында уақытылы қайтара алмай жүрген борышкерлердің мәселесімен сот орындаушылар айналысып жатқаны белгілі.

ШҚО тұрғындары мемлекетке 1,8 млрд қарыз

Дегенмен, тұлғалар берешегінің өтелуін қадағалау міндеттелген сот орындаушылардың көптеген кемшіліктерге жол бергені анықталып отыр. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды.

Мәселен, сот орындашулар банктен алған қарызын жылдаптөлемей, жалтарып жүргендердің шетелге шығуына тосқауыл қоюға немесе жалақысытүсетін есепшотын бұғаттауға тиіс еді. Алайда, қарызға батқандардың тығырықтаншығуы үшін шетелден ақша әкеледі деп ойлаған ба, қайдам, бұл талаптыңорындалмағандығы мәлім болып отыр. Соның салдарынан борышкерлер еш кедергісізшет елдерге шығып, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін сатып, ақшаларын қарызжабуға емес, өз пайдасына жұмсаған. 

«Мысалы,мемлекет алдында 5 млн теңге берешегі бар 17 тұлғаның банк шоттарына тыйымсалмауы салдарынан борышкерлер өздерінің есепшоттарынан 27 млн теңге  алған. Елден тыс жерлерге баруына шектеу қойылмаған 7 борышкер мемлекеттікшекарадан 38 рет өткен.

Соторындаушылары жалақы мен басқа да табыстарға тыйым салмауы  — ең көп таралған заң бұзушылық болыптабылады. Барлығы, тексеру барысында 584 факт анықталды. Нәтижесінде мемлекеткеөндірілетін 25 млн теңге берешек өтелмей қалған», — дейді ШҚО прокуратурасы.

Сондай-ақ, сот орындаушылар кәсіпорын қожайындарыныңқарызын өтеуін міндеттеуге де немқұрайлы қараған. Сот орындаушыларыкәсіпорындардың иелігіндегі мүліктерді анықтап, тиісті мәліметтер алумақсатында жұмыс орындарының да табалдырығынан аттамаған. Қазіргі кезде 179заңды тұлғаның мемлекет алдындағы берешегі 1,8 млрд теңге шамасында.

ШҚО прокуратурасы тарапынан анықталған бұзушылықтарбойынша жекеше сот орындаушылар палатасы басшысының атына қадағалау актілеріенгізіліп, 17 сот орындаушы тәртіптік жауапқа тартылыпты. Ал, екі соторындаушысының лицензияларын тоқтату туралы Әділет министрлігіне ұсыныс жолданған.

Фото: otyrar.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз