Өңір

Шу бойындағы шешімін тапқан істер

Жайлаукөл ауылы аудан орталығы — Жаңатас қаласынансолтүстік-шығысқа қарай — 240 шақырымдайжерде, Шу өзенінің төменгі сағасында, Бетпақ даланың оңтүстік бөлігіндеорналасқан.

Шу бойындағы шешімін тапқан істер

Шығысында Мойынқұм құмы бар. Ауыл туралы І.Жақановтың «Жайлаукөлкештері» әні кезінде Алматыдағы талай жасты еліткені белгілі. Күллі қазақ даласын тербетіп, талай жастыңмахаббатына себеп болған «Жайлаукөл кештері» әні Сарысу ауданынатиесілі Жайлаукөл ауылына арналғанын біреу білсе, біреу білмес. Мүлгігентыныштығы мен табиғаты тұнып тұрған Сарысу ауданына қарасты Төменгі Шудыңинвестиция тартып, кәсіп жасайтын өз байлығы баршылық. Ол туралы осы мақалабарысында тоқталамыз.

Жамбыл облысының әкімі-Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасыменбюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарынжаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іскеасуда.

Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарынажұмылған “Тараз-Көлік-Жолы"-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағыағайынның қуанышы зор.

Соңғы рет сонау 80-інші жылдардың соңында жөндеу көрген жол осы уақытқадейін іскер, сол өңірдің жанашыр азаматтарының көмегімен тегістелетін жылсайын. Ол да көпке бармай шұрық тесікке айналатын да жататын. Жалпы орта жөндеужұмыстарына – 550 млн.-нан астам теңге бөлінген. Жақын күндері “Сарысу-сулары”кәсіпорны “Итеке” су тоғанынан Жайлаукөл ауылына дейінгі 11 шақырым ауыз суқұбырын ауыстырып, ауыл таза ауыз су ішетін күн жақын. Бұл жұмыстар – 22 млн.теңгеге іске асатын болады.

Төменгі Шу бойындағы ағайындар облыс әкімінің бұл қамқорлығына ризашылықтарынбілдірсе, ауыл ақсақалдары — Жакентай Жамбылов, Мәжит Әміровтер аталық ақбаталарын беруде.

Қамқалы ауылдық округінің орталығы: Шығанақ ауылы. Аумағы-  2094731 га жерді алып жатқан ауылдық округ-1994жылғы 30 наурызда құрылған.

Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы  мәлімдемесін жылы қабылдап, дертке байланыстыәрбір отбасы карантин режиміне бағынып, елден өзге аймақтарға шықпауды жөнсанап үйлерінде отыр.

Мектеп ұстаздары телефон арқылы қашықтықтан оқушыларға «Балапан»,«Ел арна» телеарналары арқылы нұсқаулар беріп сабақ үлгерімдерінқадағалауда. Досбол-Шығанақ, Ұланбел-Жайлаукөл бағытында бақылау пункттерідұрыс жолға қойылған. Учаскелік полиция өкілі мен жергілікті әкімшілік аппаратықызметкерлерімен қоса ерікті ауыл азаматтары, жастар  кезекшілікжасауда.

Ауылдық округте тұратын 897 адамға дерттен қорғаныш ретінде бетперделертігіліп, тегін таратылып берілуде. Аудан орталығынан жеке кәсіпкер «Газель»автокөліктерімен азық-түлік жеткізіп, аудан орталығындағы бағамен ауылтұрғындарына сауда-саттық мүмкіндік жасаса, дәріханашы-Жұмағали үш ауылға өзбағасында дәрі-дәрмектер жеткізіп беруде.

  Халықтың негізгі тұрмыс-тіршілігімал шаруашылығы. Қамқалылықтар да мал басын түгендеп, ауылдың ажарын кіргізіп,ынтымақпен күн кешуде.

Ерінбей еңбектенген адамға жұмыс жетеді Шу бойында. Теңіздей толқынданғантұзы мен еліміздің түкпі-түкпіріне кетіп жатқан қызыл тасы, өзен-көлдердіңбойындағы қамыс құрағының өзі бір ауданның малына асырай алатын алқаптажайқалып тұр.

 Бүгінде округте -1684 бас мүйіздіірі қара, 9538 қой-ешкі, 561 бас жылқы, 103 бас түйе, 313 құс бар.

«Мал баққанға бітеді». Малды баққан соң оған күтім керек. Осы мақсаттакенеге қарсы Жайлаукөл, Қамқалы, Шығанақ ауылдарының қорғаныс белдеуіндезалалсыздандыру  толығымен жүргізілді.

Сонымен қатар, Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары аясында малға, қора-жайларға  арнайыдәрілер үш ауылға  барлығы — 157400 шаршыметр жерге залалсыздандыру дәрісі себілді.

Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында (м-11886 басмалға арналған қора жайларға арнайы дәрілер алынып, үш ауылға емдеу жұмыстары жүргізілді.

Ертеңінен зор үміт күттіретін ауылдықтардың қуанышы еселене түсуде.Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарына балалардың бос уақытын тиімді әріпайдалы өткізу үшін 9 млн. теңгеге «Балалар ойын алаңы» салынатын болады.Мердігермен келісім-шарт жасалып, карантин аяқталысымен бұл жұмыстар жүзегеасатын болып келісілді.

     Бір кездері ауылдан орталыққақарай үдере көшкен елді көргенде шалғайда жатқан округтегілердің де мазасықашып, ертеңіміз қалай болар екен деп ойланған болатын. Бүгінде сол ағайынелдің ертеңіне үмітпен қарап, тәуелсіздіктің жемісін көріп келеді.

Қамқалы ауылдық округі аумағының жері негізінен құмды. Сексеуіл, жидеағаштары көп өседі. Изен, жантақ, жусаны жайқалып тұрады. Ал көл жағасындағықамыс құрақ, кең шабындық болады орақ кезінде.

Осындай шөлейтті, табиғи байлығы орасан аймақтағы Қамқалы, Жайлаукөлауылдары енді жасыл-желекке оранбақ. Жасыл белдеу аясында 1600 қара тал көшеттеріегіліп, сым темірмен қоршалды.

Ауданда халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, кәсіппен айналысу жылданжылға өсіп келеді. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Экономикамызда шағын жәнеорта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі»-деген болатын.

     «Астың дәмін келтірген тұз әулие,елдің сәнін келтірген қыз әулие»,- деген де сөз бар халқымызда. Расында тұзағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажеттікомпонент.

         Аудан орталығынан шалғайдаорналасқан ас тұзын әзірлеу цехы Қамқалы және Шығанақ ауылдары тұрғындарыныңмақтанышына айналғаны қашан?! Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған аталмышцехтың болашығы өте зор. Өйткені ас тұзына деген сұраныс ешқашан тоқтаған емес.Ал, цехтың өңдеген тұзының сапасы өте жоғары. Бұл тұз-Қамқалы ауылдықокругінің, бір сөзбен айтқанда Төменгі Шу өңірінің бренді!

  Ауылда «Ақпункт», «геолог» тұз-кенорындары сапалы тұз өндіреді.

Өнімдері Түркістан, Жамбыл облыстарымен қатар, Қырғыз Республикасынатасымалдануда. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы «Асыл-Тұз» зауытына шикізаттасымалданып  өндірілуде.

Қасиетті Рамазан айында Жайлаукөл ауылында Алланың ақ үйі бой көтермек.Тұрғындардың, істері ілкімді кәсіпкер азаматтардың жеке қаражаты есебінен мешітқұрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлапотыр.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің экономикасы дамыды, әлеуеті артты,кәсіпкерлік сала өрістеді. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» демекші Қамқалыауылдық округінде көптеген  ауқымды істератқарылуда.

    Міне, осындай және басқа да игіістерге көңілдері толған ауылдықтар болашақтың баянды екеніне сенімді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз