Шығыс Қазақстан облысында тағы үш адам індет жұқтырды
Күні кеше ғанаШығыс Қазақстан облысында коронавирус індетінен 3 адамның жазылып шыққанытуралы қуанышты ақпарат тараған еді.
Артынша облыстық денсаулық сақтаубасқармасының басшысы осыған орай арнай мәлімдеме де жасады. Алайда, бұғандейін расталған 8 жағдай бүгін 11-ге өзгерді. Яғни, тағы да 3 адамның аталғандертті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облысыәкімдігі баспасөз қызметі ресми жедел ақпарат таратты.
«Қазіргі уақытта өңірде аурудың 11 расталған жағдайытіркелген. Қауіпті инфекция Өскемен қаласының екітұрғынында — 1972 жылы туған ер адам және 1970 жылғы әйелден, сондай-ақ, Абайауданының 1960 жылғы ер адамынан анықталды. Екі жағдайда COVID-19 пневмонияжәне ЖРВИ диагнозы бар науқастар арасында, бір жағдайда профилактикалық тексерукезінде шыққан. Қазіргі уақытта науқастароқшауланып, қажетті ем қабылдап жатыр.Барлық қажетті эпидемиологиялық тексеру шараларымен олармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау жұмыстарықарқынды түрде жүргізіліп жатыр.Алдын ала мәліметтер бойынша, үш жаңа жағдайда 16ошақ анықталып, байланыста болған 138 адам белгілі болды.Осылайша, осы уақытқа облыс бойынша коронавирустыңрасталған 11 жағдайы тіркелді. Олардың екеуі сырттан әкелінсе, 9 жергілікті.Өскемен қаласында бір адам аталмыш дерттен көз жұмды. Ауырғандардың ішінде 2бала бар. Жағдайлары тұрақты. Сауығуына байланысты инфекциялық стационардан 3науқас шығарылды» делінген жедел ақпарат хабарламасында.
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,
Шығыс Қазақстан облысы