Шымкент картамен төлем жасау жүйесіне көшті
Шымкентте 6 сәуірден, яғни бүгіннен бастап базарлар мендүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастады.
Корнавирусіндетінің таралуына жол бермеу үшін қала басшылары осындай шешім қабылдап отыр.
-Тұрғындар базарлар мен сауда орындарында картамен төлемжасай алады. Төлем картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесеонлайн тапсырыс береді. Дайын картаны қызметкерлер үйлеріңізге жеткізіпбереді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ.Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-делінгенәкімдіктің тұрғындарға арнаған үндеуінде.
Мұндай жүйе кәсіпкерлерге қосымша міндет жүктеп отыр.Олар енді төлем картасы арқылы есеп айырысатын құрылғы орнатуға мәжбүр. Әкімдіктөлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шарақолданылатынын, тіпті қызметі тоқтатылатынын ескертіп отыр.
Мамандардың айтуынша, ұсақ банкноттар бір күнде бірнеше мәртеқолдан-қолға өтуі мүмкін және ол ең бастысы, адам шоғыры көп жерде жүреді. Бұл өз кезегінде аурудың тез таралуына әсеретеді. Корнавирус індеті алғаш тараған Қытайда мемлекет тұрғындардың қолындағықолма-қол ақшаларды жинап алып, залалсыздандырудан өткізген болатын.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент қаласы