Шымкент жабылады
Бүгін кешке Шымкент қаласына кіретін барлық жолдаржабылады. Мегаполиспен көлік байланысы үзіледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновхалыққа үндеу жариялап, осындай шешім қабылданғанын жария етті.
-Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетінтранзитті жолаушылар көп. Олардыңсаны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырыпотыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі,-дедіМ.Әйтенов.
Әкімнің айтуынша, біріншіден, қалаға кіретін барлықжолдар жабылады. Автокөліктердің қалағакіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршіліктіқамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.
-Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кездевирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделікрежим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюгеміндетті,-деді Әйтенов. Қала басшысытой-томалақ пен ас-жиындарды өткізуге тыйым салынғанын тағы бір ескесалды.
Бұған дейін үшінші мегаполисте коронавирус індетінжұқтырған екі науқас тұратын Абай ауданы Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы 14күнге карантинге жабылған еді. 28 наурыздан бастап Шымкент қаласы әуежайының,теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары толық тоқтатылды.
Шымкентте осы уақытқа дейін коронавирус дертін жұқтырғанекі жағдай тіркелген.
БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкентқаласы