Өңір

Шымкентте мұнай зауытының қызметкерлері жаппай індет жұқтырды

Соңғы тәуліктердеШымкент қаласында COVID-19 індетін жұқтырған науқастардың саны күрт көбейді.

Шымкентте мұнай зауытының  қызметкерлері жаппай індет жұқтырды

17мамырда 77, 18 мамырда 60 жағдай тіркелді. Мамандардың айтуынша, мегаполистенауқастар жоспарлы тестілеудің нәтижесінде көбейген.

Қалаәкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың мәлімдеуінше, қаладағыкәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстарықарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдардабайқалады. Мәселен Шымкент мұнай өңдеу зауытына иелік ететін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өтіп,нәтижесінде 137 жағдай анықталып отыр.

– 7 мамыр күні зауыттың екі қызметкері  жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Сынаманәтижесі олардың короновирус жұқтырғанын растады. Кейінірек науқастарменқарыс-қатынаста болған тағы алты адам ауырған. Осыдан кейін зауыттың басшылығы жұмысшыларарасында  скрининг жұмыстарын жүргізген,-деді арнайы өткен брифингте қаланың бас санитары Әбдіманап Төлебаев. 

Зауытта қауіпті індетті 96 жұмысшы жұқтырған. Тағы 12 науқас осызауытқа қосымша қызмет көрсететін компанияларда жұмыс істейді. 29 адам зауытжұмысшыларымен қарым қатынаста болған туыстар болып табылады.

– Қазіргі уақытта  мұнай өңдеузауытындағы анықталған ауру ошағындазалалсыздандырудан өтті, жатақхана карантинге жабылды. Індетанықталған адамдардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына, карантиндікстационарларға жатқызылды,- деді Ербол Садыр.

Жалпы 18 мамырға дейінгі жағдай бойынша Шымкенттекоронавирустық инфекция жұқтырудың 404 жағдайы тіркелді.

Ербол Садырдың айтуынша, коронавирусқа қарсы скринингтексеру жұмыстары енді қоғамдық көлік қызметкерлері арасында жүргізіледі.

Бақытжан ӘБДІРАШ, 

Түркістан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз