Әлеумет

Шымкентте наразы халық көшені жауып жатыр (видео)

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ Арыстан көшіріліп, қазіргі уақытта ШымкенттегіОрталық мешітке орналастырылған халықпен кездесіп, оларды арандатушылардыңсөздеріне ермеуге шақырды.

Шымкентте наразы халық көшені жауып жатыр (видео)

Бүгін таңертеңгі ондардың шамасында  мешітке орналастырылған халық Темірлан тасжолы бойындағы көлік қозғалысын жапты. Сағат 12-лердің шамасында облыс әкіміӨмірзақ Шөкеев  мешіт ішінде халықпенкездесті. Осы жерде сөз алған азаматшалар Арысқа қайтуға қорқатындықтарын, солсебепті әкімдіктен Шымкент немесе Түркістан қаласынан баспана беруді талапетті. Арыста радиация қаупі бар дегендер де болды. Өмірзақ Шөкеев қазіргіуақытта әкімдік қолдан келген жұмыстардың бәрін атқарып жатқандығын, Арыстаешқандай  радиацияның жоқтығын айтты.

-Арандатушылардыңсөздеріне ермеңіздер, мені тыңдаңыздар. Барлық мәселені шешеміз,-деді.Өңір басшысы баспанасы бүлінгендерге үй салыныпберетіндігін де мәлім етті. Ал арыстықтармен осы жерде бұған дейін кездескенШымкент қаласының әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ қаланың өзінде 150 мың адамныңпәтер кезегінде тұрғанын, пәтердің бәрін арыстықтарға беруге мүмкіндіктіңжоқтығын айтқан болатын.

Алайда халық мұндай жауапқа риза болған жоқ. Қазіргіуақытта наразы халық Темірлан тас жолындағы көлік қозғалысын жауып тұр.

Арыстықтар жарылыс орыналған қалаға әлі жіберілген жоқ. Қорғаныс саласыныңмамандары қала көшелерінен 5700-ден астам жарылғыш заттар жинады. Бұл жұмыстар сенбігедейін аяқталуы керек.

Түркістан облысы әкімдігінің таратқан мәліметтерінеқарағанда, Арыс қаласы шартты түрде 17 секторға бөлінді. Әрбір секторға 17 аудан-қалаәкімі бекітілді. Олардың әрқайсының жанында 40 жауапты қызметкерден болады.Бұлар апта соңында тұрғындар қалаға кіргенде баспаналардың зақымдануынфото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысады.

17 сектор 17 облыс әкімдіктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді.Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп,жөндеуді бастайды.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз