Өңір

Шымкентте қауіпті індеттен 2499 азамат жазылып шықты

Шымкентте 14 емхананың күндізгі бөлімінде ЖРВИ жәнепневмониямен ауыратын науқастарға тегін дәрілер беріледі.

Шымкентте қауіпті індеттен  2499 азамат жазылып шықты

  

Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, соңғы 7 күндеҮкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлікпен Үндістан, Ресей менУкраина елінен қажетті дәрілер  жеткізілді. Олар ең алдымен қаладағымедициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылуда. Дәрілік қор жеткілікті.

— Өздеріңізге белгілі, күні кеше Шымкентке Ресейден бір топ дәрігер келіп,коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасуда. Ол дәрігерлер 3-4топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілген. Екіжақты жұмыстардыңнәтижесін алдағы уақытта жариялап отыратын боламыз, — деді онлайн брифингте қалалық денсаулық сақтаубасқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов.

Айтакетсек, бүгінгі күнге дейін қалада коронавирус індетін жұқтырған 4251 адамтіркелген, қауіпті індеттен 2499 азамат жазылып шыққан.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз