Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтады
Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтады. Бүгінтаңертең жеке көлігі жоқтар жұмыс орындарына таксимен баруға мәжбүр болды.
Қаладатаксидің бағасы шарықтап кетті.
Мұндай шешімнің қабылдануына мегаполисте коронавирусіндетінің бір күнде 11 адамнан анықталуы себеп болып отыр. 11 науқас 2отбасының мүшелері. Олардың барлығы да бұған дейін коронавирус инфекциясынжұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарғажатқызылғандар.
— Індеттің таралу қаупіне байланысты қаламызда сақтықшаралары күшейтілді. Қоғамдық көліктер тоқтағанымен қалада арнайы тіркелген 11такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Таксиге 2 адамнан артық жолаушыалуға болмайды. Тіркелмеген таксилердің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. 65 жастанасқан азаматтарға және 18 сегіз жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересекадамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынды, — дейді қала әкімінің орынбасарыМ. Исахов.
19 сәуірде Шымкентте COVID-19 инфекциясынжұқтырған тағы 5 науқас тіркеліп,олардың жалпы саны 67-ге жетті. Екі ауру ошағы анықталды. Олар “Самал-2”шағын ауданындағы Балғынкөшесі және “Тассай” тұрғын үй алабындағы Жаңақұрылыс аумағы. Ауру ошақтарындаэпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент