Live

Шымкентте құдық ішінде екі жұмысшы қаза тапты

Шымкентте жерасты коммуналдық жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты.

Кәріз құдығы

Алдын ала мәлімет бойынша, олар газдан уланып қалған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға құбыр тарту жұмыстары кезінде болған. Жерасты құдығында жұмыс істеп жатқан екі адам сол жерде жиналып қалған газдан уланған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ нысанда қауіпсіздік техникасының сақталуына жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз