Шымкентте шектеу күшейтілді
Соңғыкүндердегі жағдай бойынша Шымкентте COVID-19індетін жұқтырған науқастар саны 38-ге жетті.
Әзірге миллионнан астам халқы бармегаполисте салыстырмалы түрде алғанда індеттің таралуы баяу. Мұныңқаладағышектеу шараларының күшейтілгенімен байланысты екенінде күмән жоқ. Бірақ жергіліктішенеуніктердің кейбір шектеулерінің жөнді-жөнсіздігі туралы мәселеніңбары рас.
Қалалықтөтенше жағдай жөніндегі штабының таратқан мәліметіне қарағанда, соңғы тәуліктердеқауіпті аурумен науқастанған үш адам тіркелген.Барлығыда бұған дейін коронавирус инфекциясынжұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндікстационарға жатқызылғандар. Зертханалық сынамаларқорытындысы олардың індетті жұқтырғанын растаған. Қазіргі таңда науқастардыңжағдайы қанағаттанарлық. Бекітілгенхаттамаға сәйкес тиісті ем қабылауда. Ауруошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.Қуаныштысы, коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты.
– Дертіненайыққандар «Тәуелсіздікке – 20 жыл» елді мекенінің 1970 жылғы және 1996 жылытуған бір отбасының мүшелері. Нақтырақайтқанда, анасы мен баласы. Ал отбасының қалған үш мүшесі 14 күндік карантинаяқталғанға дейін емдеу мекемесінде қалады. Қалған пациенттердің жағдайытұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда,– депхабарлады брифингте қала әкімінің біріншіорынбасары Ербол Садыр.
Орынбасардың айтуынша, коронавируспен күресіп жатқан1290 медицина қызметкеріне үстемеақы төленді.
–Үстемеақыалғандар реанимация бөлімдері, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері,карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақпровизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдемжүргізушілері, –деді Е.Садыр.
Коронавирусинфекциясының алдын алу мақсатында облысорталығында 16 аумақ оқшауланды. Полиция департаментініңмәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 тәртіпсақшысыжұмыс істейді. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда.
Айтпақшы, қаладатөтенше жағдай режимін бұзып, айыппұл арқалағандар туралы ақпараттаржеткілікті. Олардыңарасында далада от жағып тамақ пісіргендер де, блок бекеттеріндегі тәртіпсақшыларына бағынбағандар да кездеседі. Талаптың аты –талап, тәртіптің аты – тәртіп. Десек те, кейбір шектеулер көкейге қонымсыз сияқты. Мәселен, қалада карантин жарияланғалы бері қоғамдықкөліктердің кестесіне шектеу қойылды. Нәтижесінде азанғы, кешкі уақыттардаавтобустар аузы-мұрнына дейін лық толатын жағдайға жетті. Әріптесіміз,журналист Асылбек Досалы әкімқараларға арнапосымәселені қозғады. «Шымкентте бас санитардың «үшадамнан артық жиналмасын» деген нұсқауы қағаз бетінде қалып кетті. Осыған қарсы әрекететкендей, қала әкімі жолаушылар тасымалдайтын автобустардыазайтып тастады. №133 бағыттағы автобустың интервалы жарты сағаттан асып,қоғамдық көлік лық толатын болды. Салонда кемі50 адам, тіпті одан да көп. Бір-біріне тақасқан жолаушылар. Беті аулақ, арамыздашеттен індет жұқтырып келген біреу жүрсе… оның ақырын ойлаудың өзі қорқынышты.Бұған кім жауап береді, сонда?» – дейдіжурналист.
Бұлсауалды қалалық жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары басқармасы жауапсыз қалдырған жоқ. Анығы сол,Шымкент қаласында карантин жариялануына байланысты автобустардың кестелері жәнежұмыс істейтін уақыты қысқартылған. Көлік мекемелерінің басшыларына жағдайды бақылауға алу тапсырылыпты. Яғни жауаптан«бізде кінә жоқ» деген сыңай аңғарылады. Алайда қоғамдықкөлікте ауру жұқтыру қаупі жоғарыласа да, қамсыз отырғанбасшылардың әрекеті бәрібір түсініксіз күйдеқалды.
Шымкенттегішектеудің көкесі аптаның аяғына қарай басталды. Бұғандейін қалаға кіретін негізгі көшелерге блок бекет қойылып, полицейлерге орталықкөшелерге өтетін көліктерді бір-бірлеп тексеретін,жүргізушіден жұмыс орнынан берген анықтаманы талап ететін. Енді полицейлер қолдарындағы планшетарқылы әр көлікті жүріп-тұруға рұқсаты барлардың базасынан іздейді. Базада тіркелсе жібереді, тіркелмесе керібұрылып кетуді талап етеді. Жексенбі күні Назарбаев даңғылы мен Бәйтерековкөшесінің қиылысындағы кептелісте өзіміз де жарты сағаттан астам уақыт тұрдық. Базаданшықпағандықтан,көп көліктермен бірге кері қайтуымызғатура келді. Әрине, мұны соңы жаппай өкпе-ренішке ұласып жатыр. Қалада карантинжарияланғанымен, тіршілік бәрібір тоқтамайды. Мұндай кезде жұрттың тойға немесемейрамханаға бармайтыны бесенеден белгілі. Қым-қуыт тіршілік, мәжбүрлік. Жекекөліктердің жүрісіне шектеу қою өзін-өзі қаншалықты ақтайды? «Коронавирускөліктен көлікке жұғады» дегенді әзіргеешкім айтқан жоқ сияқты еді. Бұдан кейін жұрт темір тұлпарларын қаңтарып қойып жаяу жүреді, автобусқа мінеді, қоғамдық орындарарқылы өтеді. Яғни дерттің таралу қаупінкүшейтеді. Карантин деп, «бүйректен сирақ шығару» кімге керек?
Мегаполисте төтенше жағдай жөніндегі штабтың нұсқауларытолық орындалып жатқан жоқ. Қала өткен аптадан бастап қолма-қол ақшадан бастартып, карточкамен есеп айырысу жүйесіне көшкен. Әкімдік карточкамен есепайырысатын құрылғы орнатпаған кәсіпкерлерді қызметінтоқтатуға дейін жазалайтынын ескерткен еді. Бұл жүйе әлі толықіске асқан жоқ. Есесіне банктердің алды қарақұрым халыққа толы. Мәселен,Сайрам елді мекенінің орталығындағы Халық банкі банкоматының алдына соңғыкездері халық өте көп жиналады. Арақашықтықты сақтау шаралары ұмыт қалып жатыр. Шамасы, полицейлержағдайды бақылаудан шығарып, бәрін бір Аллаға тапсырған сияқты. Көлік кептелісін қолдан ұйымдастырып жатқанақжағалылар мұны неге байқамайды?
КарантиндегіШымкенттің тіршілігі осындай болып тұр.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Шымкент қаласы