Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:53, 30 Қараша 2023

Сыныптастарын балтамен жарақаттаған петропавлдық оқушыға сот үкімі шықты

сот үкімі
Фото: из открытых источников

Петропавлда мектеп оқушыларына балтамен қаруланып, шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

Биыл ақпан айында Петропавлда жан түршігерлік оқиға болды. №4 мектептің оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, 9 және 10-сыныптың үш оқушыларына шабуыл жасап, оларды жарақаттаған. Оқушылар шабуылдаушыны залалсыздандырып үлгерген.

Аталған мәселе қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы алты жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін боды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.