Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:18, 10 Сәуір 2024

Скляр Петропавл маңындағы тұрғындарды мәжбүрлеп көшіруге тапсырма берді

в
Фото: из открытых источников

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды.

«Мен әкімдікке, полиция департаментіне және ТЖД-не тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуциялауды бастауға тапсырма беремін. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Ешкім зардап шекпеуі қажет. Ойда жоқта су келіп қалса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұған жол бермеуіміз қажет» — деді ол.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, Заречный кенті мен саяжайда тұратын 32 адам өз үйлерінен көшкілері келмейді. Оның сөзінше тұрғындар болуы мүмкін апатпен «өзіміз-ақ күресе аламыз» - деген. 

Сондай-ақ вице-премьер Ойқала ықшам ауданындағы айналма жол учаскесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерді және Кожевенный кенті мен Ущев көшесінде салынып жатқан бөгеттердің жағдайын көріп қайтты. Бақылау кезінде Роман Скляр су келу жөніндегі жаңа болжамнан кейін барлық бөгеттерге геодезист мамандарды шақыруды тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік, құтқару қызметтері мен полицейлерге тұрғындарды, тұрмыстық техника мен жануарларды эвакуациялау кезінде жан-жақты көмек көрсету керек екенін айтты, дейді Үкімет.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: