Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 06 Мамыр 2024

СҚО-да жаңа үйлерді салу жұмысы қашан аяқталады?

в
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа үйлерді салу жұмысы күн суығанға дейін аяқталады. Бұл туралы СҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінің бөлім басшысы Мадина Түлешова айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Су тасқыны кезінде, Солтүстік Қазақстан облысында 3 898 үйді су басып, 2 330 үй су астында қалған.

Бүгінде 694 үй зерттелді, 200 үйге бағалау жүргізілді. Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу бойынша құрылған арнайы комиссияларға 4 154 өтініш келіп түсті. 3 748 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд 383 млн теңгеден асады, деді Мадина Түлешова.

Оның айтуынша, Солнечный-2 шағын ауданында үйлердің құрылысы басталған.

«Барлық жұмыстар күн суығанға дейін аяқталады», - деді спикер.

Фото: ортком

Тегтер: