Әлеумет

СІМ ел аумағынан Ресейге дрон ұшырылды деген ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстан аумағынан Ресейге дрон ұшырылып, көрші елге шабуыл жасалды ма?

Дрон

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағынан Ресейдегі нысандарға дрон ұшырылды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай мәлімдемелер ешқандай дәлелмен расталмаған және Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен дәстүрлі достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруге бағытталған.

СІМ Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді қатаң сақтайтынын, теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ министрлік Қазақстан өз аумағының, әуе кеңістігінің және инфрақұрылымының үшінші елдерге қарсы әскери әрекеттер жасау үшін пайдаланылуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің бірқатар БАҚ-ы Омбы мұнай өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін оған Қазақстанның қатысы болуы мүмкін деген болжамдар жариялаған болатын. 6 шілдедегі шабуылдан кейін зауыт жұмысын уақытша тоқтатқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз