Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:19, 05 Маусым 2024

Смайылов 2023 жылдың игерілмей қалған бюджеті туралы айтты

f
Фото: из открытых источников

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте 2023 жылдың игерілмей қалған бюджеті туралы айтты.

Мәжіліс алаңында журналистер бұрынғы премьер-министрден аталған қаражаттың өзі Үкімет басқарып тұрған кезеңге тиесілі екенін айтты. 

"Әрине, мен өзімді жауапкершіліктен босатпаймын. Өйткені мен де осы жұмыстардың бәріне қатыстым, әр бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен кездесіп, қандай бюджеттік өтінімдер, қандай негіздемесі бар екенін білдім. Енді мен Жоғары аудиторлық палата басшысы ретінде бұл ақша қалай жұмсалып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, яғни, министрліктерге, әкімдіктерге, квазимемлекеттік сектордағы компанияларға қатысты қаражат қаншалықты тиімді және мақсатқа сай игерілгенін сырттан бақылай аламын", - деді берді Әлихан Смайылов.

Ол бюджеттік процестің нәтижесінде нақты мәселелерді шешуге қаражат бөлінгенін айтты.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022-2023 жылдары ҚР Премьер-Министрі қызметін атқарды. 

Фото: Gosaudit.kz