Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан Aichi–Nagoya 2026 Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Берульцева әйелдер арасындағы 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында Таиланд өкілімен кездесті. Қазақстандық спортшы шешуші жекпе-жекте қарсыласын 8:0 есебімен айқын жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Осылайша Қазақстан құрамасы каратэден тағы бір алтын медальға қол жеткізді.
Бұған дейін ерлер арасындағы 55 келіге дейінгі салмақта Жоламан Биғабыл топ жарған еді. Ол финалда Өзбекстан спортшысы Хумоюнмирзо Халимовты 9:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.
Қазақстан қоржынында қазір жалпы 4 алтын бар.