Әлеумет

Солтүстік Қазақстанда бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен ауыл әкімдіктерінің бухгалтерлері сотталды

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокуратурасы бюджеттік қаражаттың жұмсалуына жүргізілген талдау барысында ауылдық округтер әкімдіктерінің бухгалтерлері жасаған бюджет қаржысын жымқыру фактілерін анықтады.

Сот үкімі

Тергеу мәліметінше, қаражатты жымқыру заңсыз ақша аударымдарын жасау, бухгалтерлік құжаттарға жалған мәліметтер енгізу және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы жүзеге асырылған.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай заңсыз әрекеттер мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсер еткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істер сотқа жолданып, сот барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен бухгалтерлер кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жаза мерзімі бойы оларға пробациялық бақылау белгіленді.

Бұдан бөлек, сотталғандарға 4 және 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметке және материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Прокуратура мемлекеттік қызметшілерге бюджеттік қаражатты заңды әрі мақсатты пайдалану міндет екенін, ал мемлекеттік қаржыға заңсыз иелік ету заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз