Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 29 Мамыр 2024

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс салынған әуе шарын ұшырды

в
Фото: из открытых источников

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға 150-ден астам қоқыс шарын жіберді. Бұл туралы Yonhap агенттігі Сеулдің Біріккен штаб бастықтарына сілтеме жасап хабарлады.

Оңтүстік Корея әскерилерінің хабарлауынша, әуе шарлары 28 мамыр күні кешке шекарадан өтіп, елдің әртүрлі жерлеріне құлаған. Шарлардың ішінде пластикалық бөтелкелер, батареялар, аяқ киім бөлшектері мен көң болған.

«Солтүстік Кореяның бұл әрекеттері халықаралық құқықты бұзады және біздің халқымыздың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді. Біз КХДР-ға өзінің адамгершілікке жатпайтын және өрескел әрекеттерін дереу тоқтатуды қатаң ескертеміз», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, көп жылдан бері Солтүстік Кореядан Оңтүстік Кореяға қашып үлгерген адамдар КХДР-ға Ким Чен Ынды сынайтын парақшалар бар шарлар жіберген. Оңтүстік Кореяның сол үгіт-насихат материалдары бүкіл елге таратылғаннан кейін Солтүстік Корея қоқыс шарларын ұшыру туралы хабарлаған.

Фото: x.com/koryodynasty