Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:33, 11 Маусым 2024

Соңғы 3,5 жылда жол құрылысына қатысты 38 адам сотталған

Жол
Фото: pixabay

Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық істері бойынша талдау жүргізгенін мәлімдеді.

Агенттік ақпаратынша, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол құрылысына қатысты 64 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеген.

70 адамды әшкереленіп, 38 адам сотталды. Залал сомасы 8,8 млрд теңгені құрады, делінген хабарламада.

Негізінен қылмыстар парақорлық, жымқыру, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілерімен байланысты болатыны айтылған.

«Жол жұмыстары сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде (бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау, пайдалануды бақылау) жүйелі жемқорлық тәуекелдерімен байланысты» деді агенттік төрағасы Асхат Жұмағали.

Тегтер: