Live

«Союз МС-28» ғарыш кемесінің экипажы Орталық Қазақстанға қонды

Өткен жылдың қараша айынан бері ғарыш миссиясын орындаған «Союз МС-28» ғарыш кемесінің экипажы 26 шілдеде Жерге оралды.

Зымыран

Кеме Ұлытау облысындағы Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерде қонды. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады.

Ғарыш кемесі Астана уақыты бойынша сағат 15:27-де жерге қонған.

«Таңертең кеме "Рассвет" модулінен ажыратылды. Орбитадан түсіру және Жерге қону жоспарға сай өтті», – делінген хабарламада.

Кеменің бортында «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавы Кристофер Уильямс болды.

«Роскосмос» мәліметінше, Жерге оралғаннан кейін экипажды дәрігерлер тексерген. Одан кейін ресейлік ғарышкерлер Ғарышкерлерді даярлау орталығына оңалту курсынан өтуге жіберілсе, астронавт Кристофер Уильямс АҚШ-қа аттанады.

Сондай-ақ қону аппаратының ішінен Жерге жеткізілген жүктер шығарылмақ. Негізінен олар – экипаждың Халықаралық ғарыш станциясында жүргізген ғылыми зерттеулері мен тәжірибелерінің нәтижелері.

«Союз МС-28» экипажы Халықаралық ғарыш станциясына 2025 жылғы 27 қарашада аттанған. Сегіз ай бойы станцияда жұмыс істеген ғарышкерлер мен астронавт ғылыми зерттеулер жүргізіп, орбиталық кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз еткен.

Тегтер: зымыран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз