Сараптама

Сөз бен істің арасы «Цифрлы Қазақстан» жайлы мифтің алғашқы күйреуі

«Вирустық»дағдарыс «Цифрлы Қазақстанға» қатысты шынайы жағдайдың бетін ашты. Бұған дейін миллиардтағанқаржы құйылып, осы салада әлемдік лидерлердің біріне айналуды көздеген үкімет ендіинтернет жүйесінің сынақтан өте алмағанын мойындады.

Сөз бен істің арасы   «Цифрлы Қазақстан» жайлы мифтің алғашқы күйреуі

Ал қоғам өкілдері бұлбағдарламаға мемлекеттік және қоғамдық аудит жасауға шақырады.

Ақпан айында ғана үкіметотырысында цифрландыру бойынша «әлемдік бенчмаркты» негізге алатын «ұлыжоспарлар» жарияланған. Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіпминистрі Асқар Жұмағалиев «Елбасы айтқандай, цифрландыру еліміздің болашақэкономикасын анықтайды» дей келіп, бес жылдан кейін, экономика осы саладанпайда тауып, ЖІӨ 30 пайызға өсетінін мәлімдеген. 300 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, цифрлы экожүйеге67 млрд теңге инвестиция салынып, халықтың 97 пайызы интернетпен қамтамасызетіледі деген. Ал өткен жылдың соңында премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттікқызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы саласында цифрлытехнологиялар енгізуде «айтарлықтай табысқа» жеткендерін жариялаған. 

Алайда төтенше жағдайдағы сынақбасталғанда-ақ жарқын жоспарлар мен бұлыңғыр табыстар «картадан жасалған үйшіктей»,күйреп қалды. Мемлекет басшысының өзі бұл бағдарламаны кекесінмен сынға алды.  «Білім министрлігі теледидар арқылы сабақберуге мәжбүр. Жарнамасы жер жарған E-Learning жүйесінің жұрт айтып жүргендей,үні шықпай қалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Цифрлы Қазақстан»бағдарламасының мемлекеттен, қоғам бақылауынан тысқары қалып келгенін айтады Еуразиялықинтеграция институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сенімҰлттық кеңесінің мүшесі  Ерлан Саиров.

«Қоғамда да, мемлекетте де бұл мәселені«еліміздегі майталман азаматтар істеп жатыр, терең және жаңа бағытболғандықтан, олардың ісіне араласпайық», деген ой болды». Дегенмен, короновирус«еліміздегі мемлекеттік басқарудың көптеген мәселелерін бетін ашуда, соныңішінде, осы бағдарлама да бар», — дейді сарапшы.

Оның айтуынша, «екі күннің ішіндеинтернет бұғатталып, электронды үкімет жұмыс істемей, халық өзіне тиесілі 42,500теңге алу үшін көшеге шығып кетті. Еліміздегі эпидемиялық жағдай күрделікезеңде бұл мемлекеттімізге, азаматтарға «жығылған үстіне жұдырық» болды».

Төтенше жағдай цифрлы мемлекеткекөшу бағытындағы барлық түйткілдерді айқындап бергенін айтады Zertteu ResearchInstitute директоры Қуаныш Оңалбаев.

 «Интернетке қатысты жағдай, оқушылардықашықтықтан оқыту мүмкін болмай, электронды үкімет сайтының тежелуі – осыныңбарлығы шынайы цифрландыру қажет кезде жүйенің қалай шынайы жұмыс істейтіндігін ашық көрсетті», — дейдісарапшы.

Білім берудіцифрландыру және интернетпен қамту

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша– адам капиталын дамытуда – белгілі-бір жетістіктер бар екенін  Асқар Жұмағұлов екі ай бұрын мәлімдеген. Оныңайтуынша, мектептердің 93 пайызы интернетке қосылып, компьютермен қамтылған.Халықтың цифрлық сауаттылығы 79 пайызындан артқан. 3324 ауыл мен 117 қалаинтернетке қол жеткізген.

«Министрлік және әкімдік еліміздебүкіл ауыл-аймақтың барлығы интернетпен қамтылған деген ақпарат береді. Бұл — шындыққа сәйкес келмейді. Ауылдағы интернет сапасы өте төмен», — дейді ЕрланСаиров. Оған сапалы интернет іздеп, тау мен тастың, үй шатырында отырып,қашықтықтан «білім алып жатқан» оқушылардың суреттері дәлел. Оны өз үйінеинтернет орнатуға қауқары болмай, туыстарын «жағалап» жүрген мұғалімдердің«видео жанайқайы» еске салады. «Сондықтан, ауылдағы интернеттің сапасына көңілбөлу керек. Мемлекеттік жеке әріптестік аясында интернеттің ең жаңа платформаларынауыл-ауылға, өте оқшауланған елді мекендерге тарату қажет. Мектептердіңбарлығына сапалы, заманауи технологияларға сай платформаларды әкелу маңызды», — дейді сарапшы. 

Цифрлы мемлекетке көшу

Биылғы жылы бұл бағытта электрондықызмет көрсетудің 90 пайызы электронды үлгіге көшетінін мәлімдеген АсқарЖұмағұлов. Алайда, дағдарыс мәселе — электронды қызмет санында емес, оныңсапасында екенін паш етті.

Әлеуметтік төлем науқанынбастаған кезде үкіметтің электронды порталы істен шықты. Еңбек министрлігі 1сәуірде жариялаған Telegram-бот көпке дейін жұмыс істемей, жұрттың күмәнінқоюлата түсті. Министр мемлекеттің басты сайтының істен шығуын «сағатына 15миллион өтініш түсіп, шегіне жеткенін» айтып, ақталғанымен, халықтың 18миллион, оның ішінде, балалар мен қарттары барын ескерген адамдар оның мәлімдемесініңастарын тағы түсінбеді.

Сондықтан, электронды үкімет порталы,  тіпті, «шегіне» жеткен кезде де тоқтаусызжұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар арасында цифрландыруды жолғақою, мысалы, ашық жұмыс істейтін мемлекеттік тапсырыс сайты сияқты  сайттар жасау өзектілігін еске салады, — дейді Қуаныш Оңалбаев.   

Қаржы саласынцифрландыру

Бағдарламадағыкелесі тармақ — жеке кәсіпкерлік, оның ішінде, қаржы саласына жаңатехнологияларды енгізу әлі толық жолға қойылмағанын да қазіргідағдарыс әшкереледі. Онсыз да нәпақасынан айырылған жеке  кәсіпкерлер, фрилансерлер қаржысы апталапбанктің шотына «ілініп» қалды. Инара есімді кәсіпкер Jusan банкінен өзінетапсырыс беруші наурыздың соңында жіберген ақшаны әлі алмай отыр. Банкэлектронды жүйеге өтуді сұрайды, ал электронды жүйеге өту үшін банкке бару керек,ал банк карантин кезінде жұмыс істемейді. Жұмыр шеңбер.    

Жалпы, «Цифрлы Қазақстанның»  шикі тұстары бар екенін сарапшылар бұрын даайтқан. Мысалы, «әлеуметтік-мәдени, экономикалық және технологиялық процессретінде» цифрландыру жоғарыдан төменге емес, керісінше, төменнен басталуы керектігінбасылым бетінде Қолданбалы экономика зерттеу институты атқарушы директоры ОлжасТулеуов қозғаған.

Сарапшылар, сонымен бірге, бағдарламаның тым көлемді әріөзінің мақсатына тікелей қатысы жоқ қисынсыз индикторлар енгізілгенін айтады. Мысалы,министр Жұмағұлов цифрландыру 300 мың жұмыс орнын ашады деп мәлімдеген.

«Алайда цифрландыру саясатын енгізген кезде, кейбірмамандықтар керексіз болып қалады, өйткені, оның орнына компьютер жұмысістейді. Осы тұрғыдан цифрландыру, керісінше, жұмыс орындарын қысқартады емеспе?!», — дейді Қуаныш Оңалбаев.   

Жалпы, 2017 жылдың соңында қолғаалынған бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен – 141 млрд теңге, мемлекеттікалпауыт кәсіпорындардан, яғни, квазимемлекеттік сектордан – 169 млрд теңге құюкөзделген. Сонда оның жалпы бюджеті 310 млрд теңге (400 млн доллдардан сәлтөмен) болатынын Ақпарат министрі Дәурен Абаев хабарлаған.

Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнгедейін жұмсалған мемлекеттік қаржы қайда кетті? Бұл бағытта нақты қандайжұмыстар атқарылды? Осы сауалдарға жауап табу үшін мемлекеттік және қоғамдықаудит қажет, деп есептейді Ерлан Саиров.

Сонымен бірге, оның ойынша, бұл бағдарламаның әртүрліплатформаларда жүзеге асуы да қоғамның бақылауында болуы шарт. «Өйткені, вирустыңдағдарыстан кейін елдердің әлеуметтік ладштафты өзгереді. Оны қазірдің өзінде көпжұмыстың онлайн режимге көшуі көрсетіп отыр. Сондықтан, цифрлы технологиялардыдамыту үшін тек  министрлік қана емес,қоғам өкілдері, осы саладағы энтузиастардың барлығы қатысып, технологиялардықайта жасауға ат салысуы тиіс», — дейді сарапшы. Сондықтан, оның пікірінше,қазіргі таңда «ең негізгісі – есеп және бақылау».

Соңғы жағдайларға байланысты Қазақстан президенті «ЦифрлыҚазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау бойынша тапсырма берді. Албұған дейін осы жүйе бойынша жалаң есептер мен кеткен қаржыға кім жауапты?

Айжан Жеңісқызы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз