Спорт комитетінің бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталды
ШҚО-да Мәдениет және спорт министрлігініңСпорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргіорынбасарлары 380,8 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, — депхабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Шығыс Қазақстан облысындаАнтикоррупция қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларынбюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамады
Сот олардың біріне қатысты бұлтарпау шарасын қабылдап,екі айға қамауға алды. Олар 300 орынға арналған оқу қорпусының құрылысынбөлінген ақшадан 380,8 миллион теңге жымқырған», — деді Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісіДанияр Биғайдаров.
Биғайдаровтың айтуынша,қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты шешімдісот шығарады деді ол.