Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 25 Сәуір 2024

Спортта жетістікке жеткен жеңімпаздармен кездесу өтті

Қазбек Сағын
Фото:

Кеш 25 сәуір күні Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада өтті. 

Кездесуде Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, таэквондодан қара белбеу бойынша 5 дан иегері Байділдә Жұмабеков пен Naiza FC лигасынын чемпионы, Еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем Кубогынын иегері Қазбек Сағын оқырмандар мен жас спортшыларға өздерінің спорттағы қиын да қызғылықты жолы мен жетістіктері туралы сыр шертті.

Байділдә Жұмабеков, спортшы, бапкер

Спортты каратэден бастадым. Студент кезімде Таразға барып ақылы каратэ үйрететінмін. Бір күні стадионға әйгілі Мұстафа Өзтүрік келіп үлкен кездесу өткізді. Елдің игі-жақсылары келіп, 3000-дай адам жиналған жиында ол кісі мені көпшіліктің алдына шығарып Германияның Мюнхен қаласына өзімен алып кететіндігін айтты. Сөйтіп 1991 жылы Мюнхенде Мұстафа Өзтүрктің үйінде жатып таэквондо сабағын алдым. Елге келген соң Қазақстан бойынша аға жаттықтырушы болып сайланып, облыстық таеквондо федерациясының негізін құрдық. Содан бері елімізде осы спортты дамытып, өз үлесімізді қосып жүрміз. Қазір ісімізді шәкірттеріміз жалғастырып жүр. Мемлекет қолдауымен спорт мектебін ашып 150-дей балаға тегін білім беріп келеміз. Онда тек таеквондо ғана емес бокс, күрес, сурет сияқты әртүрлі сабақтар да өтіледі. Спорт баланы төзімділікке, табандылыққа, үлкенді құрметтеу сияқты жақсы қасиеттерге үйретіп, жаман әдеттерден тыяды.

Қазбек Сағын, Еңбек сіңірген спорт шебері

Спортта ең маңыздысы тәртіп. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, тәртіпке бағынған құл болмайды. Бұл ауыр жол. Жарақатсыз, жеңіліссіз үлкен табысқа жете алмайсыз. Мен жастайымнан спортпен айналыстым. 2014 жылы алғаш рет аралас жекпе-жектен Түркияда өткен Панкратионнан Әлем чемпионы атандым. 

Қосқанат Бауыржан

Тегтер: