Аймақ

СҚО-да боранның салдарынан 18 ауыл жарықсыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысында кеше басталған боран басылар емес. Өңірдің кейбір аудандарында түскен қалың қардың мөлшері үш айлық нормаға жетті.

СҚО-да боранның салдарынан 18 ауыл жарықсыз қалды

Қатты желдің кесірінен 18 елдімекен жарықсыз қалған. 

Солтүстік Қазақстан облысының аумағына ақпанның 23-і келген оңтүстік циклон –  төтенше жағдай, полиция мен коммуналдық қызмет өкілдерін әуреге салды. Үш күннен бері бастауыш сынып оқушылары сабаққа барған жоқ. 

«Ақпанның 24-і күні облыста жауын-шашынның ірі көлемі тіркелді. Кейбір жерлерде тоқсандық нормаға сай қар жауды. Петропавл қаласында ақ ұлпаның бір айлық мөлшері түсті. Тимирязев, Жамбыл, Шоқан Уәлиханов атындағы аудандарда жауын-шашын көлемі тоқсандық нормаға жетті. Сонымен қатар, облыстың барлық аумағында дауыл болып тұр», — делінген «Казгидрометтің» облыстық филиалы таратқан хабарламада.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз