Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:23, 25 Сәуір 2024

Су басқан өңірлерде өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі бекітілді

п
Фото:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин су тасқыны болған аймақтардағы өлген мал иелеріне өтемақы төлеу жүйесі туралы айтты.

Бүгінгі күні Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 780 бас малына 113,2 млн теңге, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 753 бас малына 98,3 млн теңге сомасында өтемақы төленді.

«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залал толығымен өтелді, Батыс Қазақстан облысында өтемақыға 187,4 млн. теңге бөлінді, өтінімдерді қабылдау рәсімі жүргізілуде, төлем апта соңында басталады. Атырау және Ақмола облыстарында өтемақы алуға өтінімдер қабылдануда», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Республикалық штабтың хаттамасымен өлген жануарлардың құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті Комиссияға жүгінуі қажет.

Фото: ТЖМ

Тегтер: