Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 26 Сәуір 2024

Су тасқыны: 120 мыңнан астам оқушы онлайн оқуға көшкен

м
Фото: из открытых источников

Су тасқыны басталған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілген.

«Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді», - деді спикер.

Ақтөбе, Атырау облыстарының барлық мектептерінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен аудандарында ағымдағы бақылау жүргізу (БЖБ мен ТЖБ) алынып тасталды. Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында шешім жекелеген жағдайларға байланысты қабылдануда.

Сондай-ақ 2024 жылғы 25 мамырдағы оқу жылының аяқталуына орай барлық мектептерде Бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Аттестаттар тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау/ емтихандар аяқталғаннан кейін/ 12-15 маусым аралығында өтеді. 

Фото: ортком

Тегтер: