Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 17 Сәуір 2024

Су тасқынынан 17 547 адам өз үйлеріне оралды

у
Фото:

Су тасқынынан осы сағатта 17 547 адам өз үйлеріне оралды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 142 адам, оның ішінде 40 833 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. 

Қазір су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

«3 873 тұрғын үй мен 2 502 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 9,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3 млн астам қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 677 жеке тұрғын үй, 1 326 аула аумағы су астында қалуда», - деді спикер.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданынан, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынан, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының саяжай алаптарынан, Ақмола облысы Жақсы және Жарқайың аудандарынан 2 834 адам алдын ала эвакуацияланды. Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында 47 аула аумағы су астында қалды. Қапшықтарды төсеу, арық жүйесін тазарту және суды бұру жұмыстары жүргізілді.

Фото: ortkom

Тегтер: