10:17, 11 Маусым 2024
Су тасқынынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен деп танылды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Олардың 17 295-де сараптама нәтижесі бар.
Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың артуы 1 375 құрады. 2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. делінген хабарламада.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндағандай, ТЖ салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға тұрғын үй беру Қағидасына түзетулер енгізілуіне байланысты БҚО-да тұрғын үй саны 4 042-ден 6 061-ге дейін өскен.