Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 20 Мамыр 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері Үкіметке есеп берді

s
Фото: из открытых источников

ҚР Үкіметі Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатқанын айтты.

Осыған байланысты, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасып жатқан өңірдегі ахуал туралы айтып берді. Оның сөзінше, жағалауларды нығайту бөгеттерінің бойында (ұзындығы 520 км-ден астам) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Жалпы, Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінде 60 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек көрсетуде.

 26 651 отбасы 10 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, дейді Үкімет.

Сонымен қатар, 239 отбасы қираған баспаналарының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болған. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 794 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатқаны айтылды.  

Жалпы зардап шеккен өңірлерде 11 137 тұрғын үй зерттеліп, 7 863 нысанға бағалау жұмысы жасалған. Ал, суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асқаны айтылды.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: