Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:28, 23 Сәуір 2024

Су тасқынының зардаптарын жоюға бөлінген ақшадан 1 млрд теңге ұрланды

f
Фото:

Қазақстанда су тасқынының салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 

«Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер және мемлекеттік қорлар  су тасқынына 140 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Агенттік зардаптарды жоюға бөлінген ақша іс жүзінде зардап шеккен барлық азаматтарға жетуін қамамасыз етеді. Мәселен, Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы қаржы мониторингі органдары ұрлық дерегі бойынша төрт іс қозғады. Күдікті ретінде бес адам анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Агенттік төрағасы Дмитрий Малахов бөлінген қаржының қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Ведомствоның аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне араласпай, бөгеттерді, су бұру құрылыстарын салуға, сондай-ақ өзен арналарын тереңдетуге бөлінген қаржының ұтымды жұмсалуын зерделеуі қажет», - деп тапсырды Малахов.

Сонымен қатар, агенттік су тасқынын пайдаланып көпшіліктен ақша жинайтын алаяқтардың күшеюіне қарсы әрекет ететінін мәлімдеді. Одан бөлек, бағаның өсуіне жол бермеу, азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да ең қажетті заттардың құнын қадағалау жұмыстары жалғасады.

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Тегтер: