«Су тасқыны болатынын ешкім хабарлаған жоқ»
Алматы облысы Панфилов ауданындағыПенжім ауылын су басып қалды. Алайда, әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілмеген.
Бұл туралы ауыл тұрғыны «Жас АЛАШ»тілшісіне айтып берді.
Пенжім ауылыныңтұрғыны Рыскелді ҚЫДЫРБЕКТІҢ айтуынша, әкімдік тарапынан көмек кеш келген.Селдің бетін ауыл жастары мен белсенді азаматтары өз беттерімен қайтаруға тырысқан.
«Жағдай қазіррасымен де бірқалыпты. Бірақ, оның бәрі ауыл азаматтарының жұмысы. Бізге әкімдіктарапынан көмек көрсетілгені шамалы.Білуімше, техника да ауылдағы ауқаттыкісілердің меншігіндегі дүние. Жалпы, оқиға таудағы нөсер жауынның салдарынанболды. Ал, Төтенше жағдайлар комитетінен бізге бірде бір ескерту болған жоқ», — дейді Пенжімауылының тұрғыны Рыскелді Қыдырбек.
Оқиға 3 маусымкүні сағат 21:00-де жауған нөсерлі жаңбырдың салдарынан орын алып отыр. Тұрғындарауылға жаңбырдың аса қатты жауа қоймағанын, тек таудан жаңбыр суы ағып келгенінайтады. «Су арналарының барлығы қоқысқа толған. Сонымен, нөсерден кейінгі суауылға қарай беттеді», — дейді.
Еске салайық, бұлтуралы Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі былай деп мәлімдемежасаған еді.
«3 маусым түнде нөсерден кейін Пенжім ауылында 270-тен асаүйауласынсу басып қалды. Суағыны тек екі сағаттан кейін бәсеңдеді, қазіржағдай қалыпты. Ол жерде техника мен адамдар жұмыс істепжатыр. Қазаболғандаржоқ.»
Фотоны авторұсынды.