Өңір

Су тасқыны: Мақтааралда жағдай қиындап барады (видео)

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы жағдай сағат санапқиындап бара жатыр. Түркістан облыстық әкімдігінің хабарлауынша, 2 мамыр,сағат таңғы 4.

Су тасқыны: Мақтааралда жағдай қиындап барады (видео)

30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасындасу ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы барМырзакент-Жеңіс-Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктержүре алмауда.

Қазіргітаңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақМырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендерітұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылуда.

Мырзакентелдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар;

-Фердоусиелдімекенінде 314 үй, 2377 адам тұрады;

Жантақсайелдімекенінде 95 үй, 700 тұрғын бар;

Апатты-құтқаружұмыстарына Түркістан облысымен қатар Шымкент қаласының төтеншежағдайлар департаментінің мамандары жұмылдырылуда.

Ұлттықгвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам,  аудандық полиция бөлімінің 7 техникасы мен 70қызметкер, жергіліктіатқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.

(Сырдариядағы Сардоба дамбасы жарылғаннан кейінгі көріністөмендегі видеода)

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз