Әлеумет

Суды үнемдеңдер: Қарағанды облысында ауызсу жетпей жатыр

Қарағанды облысыаумағында сусыздану процессі басталғандай. Әр ауданда орналасқан елді мекенхалқы шенеуніктерге шағымдарын айтып жалыққан.

Суды үнемдеңдер: Қарағанды облысында ауызсу жетпей жатыр

Енді әлеуметтік желіні өзпроблемаларына толтыра бастады.

Қарағанды қаласына жақынмаңда орналасқан Дубовка елді мекенінің тұрғындары 1997 жылдан бері ауыз судыңзардабын тартып келе жатқанын айтып наразы болуда. Мұнда жылда жаз айыбасталысымен ауыз су проблемасы басталады. Мамыр айынан бастап ауыз су түнуақытында  беріле бастайтын болған.Сондай-ақ маусым айында насостан ақау шығып түн жарымда да су алу мүмкін болмайқалған екен. Осы өңірдің белсенді тұрғыны Людмила НОГИНАНЫҢ айтуынша, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасымен Дубовкаға су желілерін тартуға 2003 жылдан2011 жылға дейінгі уақыт аралығында 400 млн теңге қаражат жұмсалған. Белсендітұрғын бұл мәліметтерді жергілікті атқарушы билікпен ауыз сумен қамтамасызететін мекеменің есеп беруінен көріп, өзіне түртіп алыпты. Людмила Ногинажұмсалған қаражат аз болғандай келесі жылы Дубовканың су желісін қайтажаңғыртуға биліктегілер тағы қаражат сұрап, жоба жасапты дейді.

— Мамандар қазіргі тұрған екі су құдығын тазалап, солардыжөндегеннің орнына тағы бюджеттен су жүйесінің құрылымын қайта жасақтауға тағыақша сұрап отыр. Бұған Абай ауданы тағы 150 млн теңге  сұрап, жобаны дайындап қойған. Бұл мәселенішешсін деп 12 шілдеде тағы облыс әкімінің қабылдауына бардым, кіре алмаған соңжазылып кеттім. Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қабылдауында ақпанда болып, бұл мәселенішешіңіз деген едім, ол қарамағындағыларға тапсырма берген, бірақ бұдан ешқандайнәтиже көрмедім, — дейді Дубовка елді мекенінің тұрғыны Людмила Ногина.

Дубовка тұрғындарыныңайтуынша түнделетіп беретін ауыз судың сапасы нашарлап кеткен. Ыдыстарға судықұйып алған соң бір тәуліктен кейін су сарғайып кетеді екен. Осының салдарынанДубовка елді мекенінің тұрғындары дүкеннен су сатып ішуге мәжбүр. Ал кейбіржағдайы жоқ отбасылар осы сарғыш түсті суды техникалық су ретінде ғана емесішуге де пайдаланады. Людмила Ногинаның  мәліметіншеелдімекендегі ауыз суды тексеру үшін 2016 жылы төрт су ұңғымасынан сынама алғанБұхар Жырау ауданының тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы ауыз судың қалыптыдеңгейге сай емес екенін айтыпты. Ал кейін 2017 жылы  Дубовка елдімекені Абай ауданының қарамағынаөткенде мұндағы мамандар ауыз суды ішуге жарамды деп мәлімдепті. Алайда бұғанжұрт сенбей отыр. Дубовка ауылының әкімі Ерғали ҚЫСРАУЫНОВ жұрттың мұнда сусызотырғанына жер үй секторындағы тұрғындардың бау-бақшаны суды үнемдемей суғаруысебеп болуда дейді.

— Бүгінгі таңда 19 үй «Жігер су» компаниясыныңбақылаушыларының көмегімен судан ажыратылды. Олар суды рұқсатсыз қосып алған.Ауыз судың тұрғындарға берілуін тұрақтандыру үшін барлық шараларды қарастырыпжатырмыз. Бізде төрт су ұңғымасында төрт насос бар, төрт насостың жобалыққуаттылығы бір жарым мың кубты құрайды. Одан артыққа біз көше алмаймыз, — депмәлімдеді Дубовка ауылының әкімі Ерғали Қысрауынов.

Ауыл әкімі келесі жылыДубовкадағы су мәселесін  жақсарту үшінжоба жасалып, сметалық құжаттың әзірленгеніп қойғанын айтады. Және жергіліктішенеуніктер мұндағы ауыз су ішуге жарамсыз деген ақпарат шындыққа жанаспайдыдейді.

Бүгінгі таңда Қарағандыоблысында жаз басталғалы Саран, Шахтинск қаласы мен Қарағандының маңайындағыҮштөбе, Қушоқы, Дубовка, Сенокосный, Осакаров елдімекендерінің тұрғындары   аптап ыстықта ауыз судан тарыққандарын айтыпшағымдануда.

— Бізге қазіргі уақытта Үштөбе ауылынан судың жоқтығынабайланысты шағым түскен. Бұл елді мекенде жазда суды шамадан тыс көппайдаланатындар баршылық. Мысалға бұл жерде жазда төрт су ұңғымасы іскеқосылса, қысқы күндері біреуі ғана жұмыс істеп тұрады. Қазір мұнда төрт суұңғымасына қоса тағы төртеуі іске қосылды. Біз тексеріп көрдік. Тұрғындарменсөйлестік. Енді судың есепсіз қолданып жатқандарды анықтау керек дегенәкімшілікке тапсырма бердік. Жалпы айтсақ биыл қалалық жерде орталықтанған сужүйесімен қамтамасыз ету 92 пайыз, ауылдарда 85 пайызды құрады. Ал жыл соңынадейін қалаларды сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97 пайызы болса, ауылдық өңірлерде87 пайызға көтеріледі, — деп мәлімдеді Облыстық энергетика және Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы Ұлантай ҮСЕНОВ.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз