Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:53, 30 Сәуір 2024

Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы 12 жылға сотталуы мүмкін

f
Фото: из открытых источников

Мемлекеттік айыптаушы қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Күштібаев өткен жылдың қараша айында қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Қылмыс Талдықорған қалалық ІІБ бастығының кабинетінде болғаны хабарланды. Зардап шеккен қыз 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны.

Бұрынғы полиция бастығының соты 2024 жылдың ақпан айының соңында басталған. Процесс жабық есік жағдайында өтеді.

Қылмыстық іс «Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасағалн зорлаық» бабы бойынша қаралып жатыр.

Фото: Алматы облысы ПД

Тегтер: