Талдықорған: Үмбетов пен Мұсахановтан қалған «мұра»
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүзеге асыпжатқан жобалардың қарқыны қатты.
Мәселен, қазір құны 93 миллиард теңгеніқұрайтын 116 жоба бекітіліп, оның 85-і қолданысқа енген екен. Бірақ, аталғанбағдарлама аясында 2 жыл бұрын құрылысы басталған Талдықорғандағы коттеджқалашығының жыры әлі бітер емес.
Алматы-Талдықорғантас жолының бойында коттедж қалашығын салу туралы бастама бұрынғы облыс әкімі,қазіргі мәжіліс депутаты Серік ҮМБЕТОВТІҢ кезінде басталған. Жақсы идеяны оныңізін басқан келесі әкім, қазіргі сенат депутаты Аңсар МҰСАХАНОВ та оңтайлы іскеасыра алмады. Обалы не керек, белгісіз себептермен тұралап қалған нысанға жанбітірген құрылысшы-әкім Амандық БАТАЛОВ болды. Бірақ....
Заманауи коттеджқалашығының іргетасы 2017 жылдың қарашасында қаланған еді. Тапсырыс берушілер (қалаәкімдігі) мен облыс басшылығы, тіпті, мердігерлер де жаңа құрылысты қаттыжарнамалап, ел игілігіне 6-ақ айда береміз деп сендірген. Небәрі 48 коттедждіңқұрылысы 6 ай емес, 2 жылға созылды. Бірақ, коттеджден үмітті баспана кезегіндетұрғандар үшін әлі қуанатын себеп жоқ. Тапсырыс берушілердің сөзінше, құрылысқажауапты компания банкротқа ұшырауына байланысты құрылыс толық аяқталмаған. Оғанқоса, талаптарды дұрыс орындамағаны үшін қала әкімдігі мердігерді сотқа бергенекен.

«48 коттедждің құрылысын жүргізген мердігер“MK-BUILD-D” компаниясын қатысты материалдар әлі сотта. Қазір шешімді күтіпотырмыз. Ол қанша уақытқа созылатынын дөп басып айту қиын. Сот аяқталысыменқайта конкурс жариялап, басқа мердігерді анықтаймыз. Аталған нысанды ұзаққасозбай аяқтауға тырысамыз», — дейді, Талдықорған қалалық ұқрылыс бөлімініңсектор меңгерушісі Ұлан СОЛТАНОВ.
Еліміздегі көпбалалы аналардың проблемасынан кейін облыс басшылығы сағызша созылған құрылыстықоя тұрып, коттедж қалашығында тағы да 155 үйдің құрылысын бастап кетті. Өңірбасшысы есептік жиында оның 149-ы кезекте тұрған көп балалы аналарғаберілетінін айтқан. Жоспарға сәйкес жаңа үлгідегі баспаналар биыл маусымныңсоңында берілуі тиіс. Алайда, дәл қазір олардың қабырғасы енді ғана көтеріліпжатыр.
Жалпы, 64 мың шаршыметрді құрайтын қалашық аумағында 606 коттедж салу көзделген екен. Ал,құрылыстың құны 6 миллиарды 212 миллион теңге.

Фотолар автордікі.