Сараптама

Талғат ТЕМЕНОВ, кинорежиссер: Телеарналарда қазақ руханиятының орны ойсырап тұр

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің назарына! Бүгінде еліміздегі телеарналар қызметіне көңілітолмайтындар қатары өте көп деуге болады.

Талғат ТЕМЕНОВ, кинорежиссер: Телеарналарда қазақ руханиятының орны ойсырап тұр

Мұның себеп-салдары тереңда жатыржәне жұрттың уәжі орынды. Өйткені қазақ көрерменіне толыққанды қызмет көрсетеалмай отырған «көк жәшіктің» кілтін қолына ұстаған азаматтарымыз ұлттық құндылықтардыжан-жақты насихаттау орнына жеңіл-желпі дүниелермен  бағдарламаларды толтырып, рейтинг қуыпкеткені өкінішті.  Біз осы орайда қоғамқайраткері, белгілі кино және театр режиссеры Талғат Теменовтың ой-пікірінжариялағанды жөн көрдік

Құрметті Аида Ғалымқызы!

 Сізге гүл шоғын алып, кабинетіңізгебарудан гөрі бүгінгі қордаланып қалған, көптен шешуін таба алмай жүрген қиын дакүрделі мәселе туралы айтқым келіп тұр. Ол – бүгінгі қазақ руханиятындағы,қазақ мәдениетіндегі телевидениенің орны. Телевидение – 60 жылдық тарихы бар,біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігі. Алпыс жылда қаншама өскелең ұрпақкөгілдір экран арқылы өсті, ержетті, қаншама жаңалықтың куәсі болды. Қазақтелевидениясы егемендік алғалы бері  өз бағыт-бағдарын анықтаған сала.Одан басқа, жекеменшік көптеген телеарналар ашылды. Өздеріңізгемәлім, «Хабар» мен «Қазақстаннан» басқасының барлығы жекеменшік арналар. Олар –КТК, «31 арна», НТК, СТВ, «Той-думан», «Гәкку», «Астана», «Тұран» т.б. Алайдабүгінгі күнде саны бар, сапасы жоқ телеарналар қаптап кетті. Мысалы, карантинбасталғалы қойылған кино, музыкалық бағдарламалар, әзіл-сықақтардың барлығынқарап отырып көзімнің жеткені – қазақ телевидениесі ең алдымен музыкалықжеңіл-желпіге құрылған арна болса, одан кейінгі әзіл-сықаққа құрылған дүниеекен. Өкінішке қарай, осы екі айда мен бірде-бір арнадан терең, тарихи мағлұматалатын, адамның санасына да, жүрегіне де тиетін ғылыми болмаса бала-шағаңменұялмай, еркін көретін бірде-бір арна таппадым. «24 kz» хабарынан басқаныңбарлығы тауықтың жұмыртқасы секілді. Біріне-бірі ұқсас. «Қарнымның ашқанынаемес, қадірімнің қашқанына жылаймын» демекші, бұл ұлттық арнамыздың сапасыныңтөмендеп кеткенінің көрінісі.

     Қатты айтсам айып етпеңіз, ШерханМұртазадан кейін қазақ телевидениесі бір басшыға жарымай-ақ қойды. Бүгінде «Қазақстан»,«Хабар» сынды арналардың басшыларына кіру министрлерге кіруден де қиын.Қаптаған полицейлер, жоғарғы жаққа өтетін арнайы рұқсат, арнайы кілт, төрағаға кіру үшін арып-ашып, «Темір таяғым тебендей, темір етігім теңгедей»демекші, аса зор қиындықпен ғана кіре аласың. Осындайда қалаған кезде барып,«Шераға, қалыңыз қалай?» дегенде, «Келе ғой, айналайын!» дейтін Шерағаңдыіздейді екенсің. Қадіріңді де, өзіңді де сағынады екенсің, қайран көке! Кезінде«Қазақстан» телеарнасының басшысы Ерлан Қарин мырзаға «Қазақстанда», «Хабарда» көркемдік кеңес болса, ақылдасып, яғни стратегиялық бағдаршамдыбелгілейтін болса» деп айтып едім. Ол ұсыныс аяқсыз қалды. Және бір айтакететін мәселе, телеарнадағы мамандар мәселесін қарау керек. Өйткені ондағы операторлардыңкөпшілігі кәсібін үйде үйренгендер. Режиссерлардың да жетісіп тұрғаны шамалы.Ішінде кәсіби режиссер, оператор, гример, стилист мамандығын бітіргендертелевидениеде жоқтың қасы деуге болады. Біз бүгін толыққанды хабар алу үшін еңалдымен мамандар тәрбиелеуіміз керек, яғни оқытуымыз керек.

    Осыдан біраз жыл бұрын Токиодағыкинофестивальға барып едім,  сонда менен NHK каналы интервью алды. Мен солжурналистің білімділігіне, зеректігіне, кино тарихын, соның ішіндегі советкиноларын,  әсіресе Ресей, одан соң қырғыз, қазақ, өзбек, түрікменкиноларының тарихын жетік білетініне жағамды ұстадым. Одан «Қай университетті бітіріпедіңіз?» дегенімде, «Токиодағы телевидение режиссурасын бітіргенмін» деді. Міне,бұл журналистің білімділігін көрсетіп тұр.

     Бүгінгі телевидениенің басты проблемасы –рейтингі мәселесі. Ол кімге керек, түсінбедім. Түсінетінім – бұл халыққа керекемес.  Рейтинг жарнама беретін жекеменшік компаниялар мен телеарналардыңбасшыларына ғана қажет. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы зерттеулерге қарасақ, рейтинг  бойынша аудиториясы ауқымды, хабарлары сұранысқаие арналардың көшін «1- Еуразия», НТК, КТК арналары бастап тұр. Ал«Қазақстандағы» «Сыр-сұхбат» бір күнде әрең дегенде – 5,1, «Ел арнадағы»«Жарайсың» 0,2 пайыз көрерменді зорға жинаған. Қазақша бағдарламалардыңрейтингіне қарап отырып қарның ашады.

      Сіз бен біз күнделікті тамашалап жүргенәрбір бағдарламаның қанша көрермені бар екенін, әр бағдарламаның рейтингін 1997жылдан бері TNS Gallup Media Asia атты компания анықтап келеді. TNS Gallupұйымы жыл сайын 100 мыңнан астам тұрғыны бар ірі қалаларда 700 отбасынапиплметр атты арнайы құрылғы таратады. Сөйтіп, телеметр орнатылған үйдің отбасымүшелері телерейтингті зерттеуге қатысатын респондент атанады. Теледидарғажалғанған пиплметр күнделікті неше респонденттің қай  телеарнаны қаншауақыт көргенін есепке алады. Телеөнім белгілі деңгейде рейтингке ие болып,арнаға пайда әкелуі тиіс. Әрбір рейтингтің артында қыруар қаржы тұр. Олайдеуімізге себеп – жарнама берушілер жоғары рейтингке ие болған арналарға ғанарекламасын ұсынады. Осыдан-ақ рейтингтің нендей құдірет екенін бағамдайберіңіз. Және ең сорақысы – сол жарнама, рекламалардан түскен қаржының кімніңқалтасына баратыны белгісіз. Міне, рейтингінің бізге беретін анализі осындай.

     Қарап отырсаңыз, осылардың барлығы ұрпаққадеген, өскелең жастарымызға дейтін қамқорлықтың жоқтығы. Рейтинг қуамыз, ақшатабамыз деп біз ұлттық тәрбиеден, ұлттық кодтан айырылып бара жатырмыз. Бізұлттық кодтан айырылған күні қазақ халқы жер бетінен жоғала ма деп қорқамын. Мен телевидениенің басындағы басшылар контент жинаймыз, абырой жинаймыз деп,қазақ халқын бірте-бірте мәңгүрт қыла ма деп қиналамын. Бұл ұлтқа дейтін нежауапсыздық, не білместік.  Артық айтсам кешіріңіздер. Өйткені жербетінде  қазақ халқынан басқа менің ұлтым, байлығым жоқ. Мен қазақ халқыүшін, оның менталитеті, ар-ұяты үшін, оның мәдениеті, тарихы үшін, оның болмысыүшін болашақ ұрпақтың ананың сүтінен басқа, ұлттық рухани қормен қоректенгенінтілейтін қазақтың қара баласымын. 

    Міне,бүгінгі жағдай осы. Біз теледидар не берсе соны «жейміз». Олар жоғарыдан нежіберсе, біз соны көреміз. Яғни өзақшамызға өзіміз қарайтын дүние көре алмаймыз. Бұл тек қана басшылардың ой-өрісіне, оның интеллектісіне, эрудициясына, болмысына, ұлтқа дейтін жанашырлығына келіп тіреледі.Иә, халықтың руханияты, мәдениеті, ол сіздің жеке басыңызға, сіздің менталитетіңізге тікелейбайланысты руханияты екенін естеншығармаса екен телевидение басшылары. Телевидение – халықтың ортаққазынасы. Сол ортақ қазынаны халықтың өзіне қайтарукерек. Мұқағали «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын»дегендей, қазақтың руханиятын, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, тілін, дінін,ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарын телевидениедегі көркем тілмен қазақтыңжанына, жүрегіне қайта жолдау керек. Сіздер сол үшін жалақы алып отырсыздар.Сіздерге рейтинг жинау үшін ақша төлемейді. Ұлтқа қызмет етсін деп ақшатөйлейді. Ұлтқа қызмет ету бір басқа, рейтинг жинау бір басқа. Міне, солай,қадірлі ағайын, телевидение басшылары. Ұлттың ертеңгі ұлт болары не болмасысіздердің қолдарыңызда екенін енді ұққан боларсыздар.

     Иә, біз көп нәрседен кешіктік, көпнәрседен айырылып қалдық, мынау біздің соңғы аялдамамыз. Мынау біздің соңғыбекетіміз. Бұл руханияттың, менталитетіміздің,  байлығымыздың соңғыаялдамасы деп түсініңіздер. Көзді ғана емес, көңілді де үркітіп біткенбүгінгі жаһандану заманында басты тәрбие құралы не? Әрине, телеарна. Қолымыздабар бүкіл тәрбие құралдарының тетігі оң бағытқа қызмет етпесе ұтыларымыз хақ.

    Кейде телеарналарымыз ұлттыққұндылықтарымызды емес, өзге елдің мүддесін қозғап жүргендей әсер қалдырады. Мәселен,сериалдағы ұрыс-керіс, жанжал, ата-ананың балалармен қарым-қатынасы, ене менкеліннің арасындағы шиеленіс, ағайындылардың бір-бірімен алакөзденуі, әпкеніңсіңлінің отбасына ортақтасуы (керісінше де болуы ғажап емес), жезде мен балдыздыңарасындағы махаббат хикаялары және тағы басқа сериалдардағы түрлі«ғажайыптардың» адам психологиясына әсері болмауы мүмкін емес.

«Сериалдағы факторларадамдарға қаншалықты әсер етеді?» деген сауалға жауап іздегендер мынадайқорытынды шығарыпты: 21 пайыз адамдар қастандық жасауды үйренсе, 14 пайызымеланхолияға шалдығады. Сериал музыкасының адамдарға әсер етуі 26 пайыз болса,сценарийдің әсер етуі  6 пайыз ғана.

    Әдетте кино дегеніміз идеология деп жатамыз. Сол кинолардыкүнделікті көрсететін телеарналар. Қазақстан телеарналары тәуелсіз еліміздіңидеологиясына қызмет етуге тиісті емес пе? Еліміздің жастарына патриоттықтәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, қазақтық қалпымыздың құндылықтарынкеңінен насихаттау, елдік және мемлекеттік рухты өрлету секілді маңыздымәселелер сол рейтингтердің тасасында қалып қойды.

Телеарна басшыларыЕуропа мен Американың ең озық фильмдерін сатып алып көрсетуге келгенде қаржыаяйды, өйткені түріктің, кәрістің, үндінің арзан киноларын прокаттау әлдеқайдаоңай әрі жеңіл. Енді мұның артында қандай батпан құйрықтың жатқанын бағамдапкөрейік. Үнді фильмдеріне біздің жастарымыз тез еліктейді. Қазіргі таңдакришнаизмге кіріп кеткен жастар аз емес. Үнді сериалдарын ұдайы көру адамның,әсіресе он екіде буыны бекімеген, бұғанасы қатпаған жас ұрпақтың әліқалыптаспаған санасын жаулап алатыны белгілі. Осыны ойлаған телеарна басшыларыбар ма екен? 

     Осы карантин кезінде мен тікелей эфирдеонлайн сұхбат бердім. Сонда мен түсірген «Судағы із» сериалы «Қазақстан»телеарнасынан неге көрсетілмейді?» деген сұрақ көп қойылды. Осы мәселе бойынша«Қазақстан» арнасының басшыларына хабарласып едім, олар «Судағы ізді»қараша  айында көрсеттік, екіншіден, сол киноны көрсеткенде біздің рейтингтүсіп кетті» деді. Яғни қазақ киносынан гөрі түрік киносы жоғары бағаланадыекен.

    Көретініміз – түрік, үнді, кәріс, орыс,малай, филиппин кинолары. Сонда қазақ кинолары қайда?  Бұл жердентуындайтын нәрсе – телевидение тек уақыт өткізетін, күлдіретін арна емес,көгілдір экран ең алдымен идеология орны. Өкінішке қарай, егемендік алғалы бері«алдымен – экономика, сосын –  саясат»деп жүріп, біз идеологиядан айырылып қалдық. Идеология – мемлекеттің үлкенқұралы. Ал бүгінде бізде идеология бар ма? Тәуелсіз Қазақстанды жырлаған қайидеологты білеміз? Бүгінде тәуелсіздікті паш ететін, халықтың ойын алғасүйрейтін, егемендікті дәріптейтін ұлттық идеологияны алға сүйрейтін бірде-біртелеарна да, оның басшысы да жоқ.

Кеше ғана дүрілдеп өткен Жеңіс туралы ойлансаңыз, советхалқы қиындыққа қарамастан, жауды қалай жеңді десеңіз, ол ең алдымен батырлықпен идеологияның бірінші қатарда тұрғанында. «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі демайдан үшін!» деген – бұл идеология. «Родина мать зовет!» деген – бұл да идеология. Ал осындай идеология бізде неге жоқ? 

     Телевидение – идеологияның мінбері. Яғнипатриотизмді, біздің тарихымызды, мәдениетімізді, шежіремізді, ауызәдебиетімізді,  музыкамызды, білімімізді, ғылымымызды, спортымызды, біздіңсаясаткерлерімізді, саясатта да, экономикада да, ауыл шаруашылығында да,медицинадағы дарынды азаматтарымызды да дәріптейтін осы идеология екінші орынғакеткен секілді. Өкінішке қарай, кезінде ашылып, «Жарқ ете қалған найзағай» депәнде айтылғандай, кешегі «Мәдениет пен білім» арнасы жабылып қалды. «Домбыра» арнасыныңжекеменшік канал болуы мүмкін, оның да соңғы сын-сағаттары таяп қалғансекілді,  ақшалары бітіп, ылғи SOS деген жазу шығады. 

   Бізде «Балапан» арнасы бар. Бірақ ол көбінекөшірме хабарлар тарататын қызықты арна емес. Неге? Ютубта балаларға арналғанәртүрлі контенттер бар, балалар соларды қарайды, өйткені олар қызық. Қазір«Балапанды» күшейту керек. Екіншіден, бізде жасөспірімдерге арналған арна жоқ. Яғни «Балапаннан» кейінгікөретіні тек ұлттық арна. Ағартушылық бағыттағы, ғылым мен білімдінасихаттайтын 24 Док, CCTV-9, Russia Today Documentary, Russian Travel Guide,BBC Four, DR K, France 5, HRT 3, Rai 5, Rai Scuola, Rai Storia, TVP Historia,TVP Kultura, UA: Культура, Yle Teema6, National geographic wild сынды әлемніңозық телеарналарына қарап, «біз неге үнсізбіз» деп бетімді басам.

     Бүгінде Қазақстан суицидтен, әсіресежасөспірімдер арасында әлемде алдыңғы қатардағы орынға шығатын болса, біз мұны жастарғакөңіл аудармауымыздың белгісі деп есептеуіміз керек. Бұл да идеология. Осытуралы біздің басшылар неге ойланбайды? Неге телевизияның басында отырғандаросыны білмейді? Біз ертеңгі ұрпаққа інжу-маржан әдебиетімізді бермесек,өзіміздің тарихымызды, мәдениетімізді дәріптемесек, онда біз дамыған 30мемлекеттің қатарына қалай кіреміз? 

     Кешегі карантин ғылымның,  медицинаның жолға қойылмағанын көрсетіп берді.Ал біздің ғылымдарымыз қайда? Олардың жұмысын кім дәріптейді? Телевидениедәріптемесе кім көрсетеді? Соңғы кезде «Еларна» жабылады» деген әңгіме көп.«Еларна» қазақ киносын дәріптейтін, театр спектакльдерін көрсететін бірден-бірұлттық арна емес пе?!  «Ел болам десең, экраныңды түзе» деп кезінде айтқанедім. Сосын, «Жаман үйді қонағы билейді» демекші,  жеке арналар ойына келгенін көрсете бермеуікерек. «Қалаулым» қасіретке, «Әйел бақыты» әйел азабына айналып, «Астарлыақиқаттың» ақиқаты аласарып, ол аздай, «Тамаша тв» сынды ыржақай арна пайдаболды. Тұрсынбек Қабатов бастаған әзілсымақтарға халықтың қамынан гөрі қалтасыныңмәні маңыздырақ. Бұл ұрпақты улаудың бірден-бір жолы. Өйткені бәріміздіңалдымызда тұрған бір ғана міндет, мақсат бар, ол – біздің ұрпақтың қамы.Ертеңгі күнге қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Қандай патриот жастар өседі? Қазақтыңтілін, жерін, дінін сақтайтын қандай ұрпақ дайындауымыз керек? Біз ұлт ретіндежоғалып қалудан аз-ақ тұрмыз. Сондықтан мен болашақ ұрпағымның, қазақ халқының келешекпатриоттарының басқа елдің киносын көріп, басқа елдің жоғын жоқтағанша, ең алдымен өз еліңнің шығармаларын, өзіміздің төл туындыларымызды көретінпатриот ұрпақ болуы тиіс деген ниетпен осы хатты өзіңізге арнадым. 

    Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай,көптеген киноларды көрсетпедік. Мысалы, Совет Одағының Батыры, біздің маңдайымызғабіткен Қасым Қайсенов туралы Ресей, Украина мен Белоруссия қосылып түсірген«Қасым» киносы неге көрсетілмеді? Қасымдай батырды мереке кезінде көрсетпесек,қашан көрсетеміз?

    Енді осы «Қазақстан» мен «Хабардағы»түсірілетін кинолардың бюджеті туралы. Мысалы, Ресейдегі кез келген арнадатүсіріліп жатқан сериалдардың бюджеті жазылған сценарий бойыншақаржыландырылады. Тарихи немесе заманауи деп бөлініп, ақша соған қарайбөлінеді. Бізде бәріне бірдей қаржы бөлінеді. Тіпті күлкілі. Бұл дегеніңіз – өзбалаңнан, өз ұрпағыңнан мәдениетті аяу деген сөз. Бұл күн тәртібінде тұрғанүлкен мәселе.

    Аида Ғалымқызы, бұл сіздің министрретіндегі міндетіңіз, осы телевидениеге, телесериалдарға бөлетін қаржыныпарламентте жанашырлықпен дәлелдесеңіз, нұр үстіне нұр болар еді. Яғни ертеңгікөрерменнің сізге арнаған қошеметі алда деп білсеңіз болар еді.  Телевидение– ұлттық қорғаныстың бір түрі. Көзге көрінбейтін соғыс – ақпараттық соғыс. Бұл соғысешқашан бітпейтін шайқас. Міне, мәселе қайда?!  

     Әрине, Жорж Элгозиді қазақша тәржімалауғада болар еді, бірақ орыс тіліне аударылған екен. Назар аударыңызшы! Өйткенібүгінгі заманда бізде бюрократтар көп. Ол туралы Жорж Элгози: «Бюрократ– это человек наделенный даром непонимания», – деген екен.   

      Қазір бізде қауіпті екі вирус бар: ол –коронавирус және телевирус. 

Екіншісі аса қатерлі індет пе деймін. Артық айтсам,айып етпеңіз. «Дос жылатып айтады»...  

  P.S. «Судың дасұрауы бар» демекші, 2019 жылы «Хабар» мен «Қазақстанға» мемлекеттік бюджеттен36 млрд  теңге бөлінген-ді.  

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз