Таразда 521 тұрғын үй жөндеуді қажет етеді
Қазіргі таңда еліміздің қай өңірінде болсынтұрғын үй құрылысының көлемін арттыру ең өзекті мәселенің бірі екені түсінікті.
Бұл ретте Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар болса,бүгінде соның 521-і жөндеуді қажет етеді. Дегенмен Тараз қаласының тұрғын үйсаласына жауапты мамандары қазір солардың 270-і жаңартылғанын айтады.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Таразқаласындағы бірқатар тұрғын үйлердің сыртқы келбетімен, сондай-ақ жаңадансалынып жатқан №15 ықшамаудандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан еді.Сапарбаев қаладағы жұмыс сапарын облыс әкімдігінен шыққан бетте, жаяулап жолдыңқарсы бетіне өтіп, орталық көшедегі көпқабатты тұрғын үйлерден бастапты. Бұлбойынша білгеніміз – жақын күндері әкімдікке қарама-қарсы тұрған бес көпқабаттытұрғын үйдің сырт келбеті жаңарып, ол үшін біркелкі эскиздік жоба әзірленетінболыпты. «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеумен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені Абай есімін иеленген көше атыназаты сай болуы тиіс. Сонымен бірге бұл үйлердің шатырлары қатты тозған. Осығанорай, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын ауыстыруға көмек беретіндемеушілерді тарту керек», – деді Б.Сапарбаев.
Жалпы, биыл Таразда 80 үйге «Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалықбюджеттен 3,3 миллиард теңге бөлініпті. Қазіргі таңда 41 үйге жөндеу жұмыстарыбасталған. Бұл шаруамен 13 құрылыс компаниясы айналысуда. Бағдарлама шеңберіндекөпқабатты үйлердің шатырын ауыстыру, жертөлесін жөндеу, сондай-ақ кіреберістерінқалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда, аталған құрылысты жүргізетінкомпанияны тұрғындар өздері таңдап, жұмыс барысын бақылай алатыны көңілге медеуболып тұр.
Ал жаңа №15 ықшамаудандағы жұмысбарысы туралы құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров: «2017-19 жылдараралығында бұл аумаққа жаңа тұрғын үйлер салуға 18,7 миллиард теңге жұмсалғанболса, биыл тұрғын үй құрылысына 20,2 миллиард теңге қарастырылды», – депбастады әңгімесін.
– Бұған дейін осы жаңа шағынауданда26 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 38 үйдітапсыру жоспарланып отыр. Жоба бойынша бұл шағынауданда 195 көпқабатты үйсалынады. Бұдан бөлек, жаңадан төрт мектеп пен бес балабақша бой көтереді, –дейді құрылыс басқармасының басшысы.
Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы