Саясат

Таразға қызу қанды Қарабалаев әкім болды

Түнеу күні Таразда12 жастағы қыздың мектеп әжетханасында зорлық көрген оқыс оқиғаға байланыстықала әкімі Қайрат ДОСАЕВ, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВАбастаған бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен кеткен еді.

Таразға қызу қанды Қарабалаев әкім болды

Өткен жұма күніТұрмаханбетова Тілдерді дамыту басқармасына басшы болса, бүгін Тараз қаласынаАйтқазы ҚАРАБАЛАЕВ әкім болып тағайындалды.

Жалпы, Қарабалаевтыжамбылдықтар қызу қанды, қара дүрсін басшы ретінде біледі. Бірер жыл бұрынЖуалы, Талас аудандарында әкім болған кезінде «Айтқазының қабылдауында қорқыныштыжігіттер тұрады», «Қарабалаев қызметкерлерін билетіп қояды екен», «Өзін сынапжазған журналисті атамын деп қоқан-лоққы көрсетіпті» тағысын-тағы осытақылеттес әңгімелер гулеп ел арасына тараған болатын. Әйтеуір, «А» корпусынаөте алмай Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ кезінде қызметінен кеткен Қарабалаевқа жерлесі КәрімКӨКРЕКБАЕВ жөні түзу жұмыс бермеді. Соңғы уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістаноблыстық өндірістік филиалының директоры қызметін атқарып келген оның Таразғаәкім болып тағайындалуы көпшілік күтпеген жаңалық болғанымен, «ТаразғаҚарабалаев әкім болады екен» деген әңгімені әкімшілікке жақын жүргендер бірапта бұрын-ақ бір-біріне айтып жүрді.

Енді солбілгіштердің сөзіне сенсек, Тараздың экс-әкімі Қайрат Досаев та қызметсізқалмайды. Оны жақын күндері Меркі ауданынан көріп қалуымыз мүмкін. Меркініңәкімі Мейірхан ӨМІРБЕКОВ бос тұрған облыстық білім басқармасына келеді-мыс.

Сонымен қатар,өткен аптада Сәкен АРУБАЕВ Жамбыл ауданына әкім болса, ол қызметтегі Бақыт ҚАЗАНБАСОВТаласқа әкім болып тағайындалған болатын. Ал Таластың экс-әкімі Досмұханбет ӘЛИЕВТІжақын күндері басқармалардың бірінен көріп қалуымыз бек мүмкін.

Фотоны автор ұсынды.   

    

  

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз